14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген. «Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанай облысында лауазымды 14 шенеунік жауапқа тартылды
Қостанай облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшылық лауазымдарды атқарады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіров айтты. 2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға жуығы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Олардың дені ескерту алса, тағы бірнеше қызметкерге қатаң сөгіс беріліп, жұмысынан ...
Толығырақ »Қостанайда 23 тонна жанармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды
Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кескен. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 197-бабының ...
Толығырақ »«Қызыл аймақта»: Қостанай облысында коронавирус өршіп тұр
Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан. Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары аймаққа» кірді. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.
Толығырақ »Қостанай облысы сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп жіберген бе?
Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Ал облыстық сайлау комиссиясындағылар ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты кеше қоғам белсендісі Ермек Нарымбай Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Облыстық сайлау ...
Толығырақ »Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді
Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты. фото: «Костанайские новости»
Толығырақ »Торғынбек Әміров, боксшы: «Жеңісімді Торғай жұртына арнаймын»
MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алған боксшы Торғынбек Әміров ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында жекпе-жектері туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Күні кеше Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты. Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті. Торғынбек Әміров келісімшарттан бөлек, екі чемпиондық ...
Толығырақ »Беймәлім дерек. Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (ВИДЕО)
Дереккөз: Abai TV
Толығырақ »Торғайда әйелді қасқыр талап тастады
Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол ...
Толығырақ »«Дәрі-дәрмектен қағылдық»: Қоғамдық бақылау тобы жауап берді
Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты. «Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz