ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Шаттан, Елім!» әні жарыққа шықты

Қостанайлық айтыскер ақын, әуесқой сазгер Марғұлан Оспанов Фейсбуктегі парақшасына «Шаттан, Елім!» деген кезекті әніне арналып түсірілген әуесқой бейнебаянды жариялады. ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған туындысын автор «ЭКСПО-ның гимні» деп атады. Әннің сөзін тағы бір қостанайлық ақын, қаламгер Абылай Мауданов жазыпты. Торғайда туып-өскен қос таланттың халықаралық көрмеге тартуын әнсүйер қауым жылы қабылдап, әлеуметтік желілер арқылы авторларына алғыс айтып жатыр.

tobyl-torgai.kz сайты ұжымы да «Шаттан, Елім!» авторларын жаңа туындыларының жарық көруімен құттықтап, жаңа әннің бейненұсқасын ұсынады.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері

    (Эссе)      Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *