Monthly Archives: ақпан 2018

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына ...

Толығырақ »

Жанармайдың қымбаттығынан астығымызды өткізе алмай жүрміз — қостанайлық шаруалар

Қостанайлық шаруалар жинаған астықтарын нарықтық бағамен өткізе алмауда. Бұған жанар-жағармай бағасының қымбаттап кеткені себеп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Владимир Дранчукке сілтеме жасап. Бүгінгі күні шаруалар үшін басты проблеманың бірі астықтың нарықтағы бағамен өтпей тұрғаны болып отыр. Тіпті, Қостанайдағы әлеуетті деген кәсіпорындар 3-санатты бидайдың тоннасын 35 мың теңгеге сата алар емес. «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық ...

Толығырақ »

Кәкімовті көргендер бар ма?

Қостанайда онкологиялық диспансерде жұмыс істейтін 35 жастағы Ербол Кәкімов іздестіріліп жатыр. Ол ұлын мектеп апарған соң, сол күйі оралмаған. Бұл туралы аlau.kz хабарлады. Жоғалып кеткен ер адамның әйелі Татьяна Миненконың айтуынша, ол күйеуін соңғы рет 15 ақпанда көрген. «Ол ішімдік ішпейді. Ол күні біз ұрысқан да жоқпыз, барлығы дұрыс болатын» дейді Татьяна Миненко. alau.kz

Толығырақ »

«Нұрлы жер» бағдарламасы үйі бар адамдарға арналған

Қазақстанда баспана — басты мәселенің бірі болғандықтан, үй жайын талқыламайтындар сирек. Бұл мәселеге қатысты ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ой-пайымымен бөлісті. — Талғат Файзоллаұлы, Қазақстанның құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайға қандай баға берер едіңіз? — Адамдарда қаржы болмағандықтан Қазақстанның құрылыс нарығында сатып алу мүмкіндігі төмендегені байқалады. Соңғы 6-8 айда жағдай осындай. Ақшалары бар адамдар баяғыда-ақ үйлерді сатып ...

Толығырақ »

Затобол кентінде тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға Попович көшесінде болған. «Өрт 6 пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шықты. Қазіргі мәлімет бойынша №3 пәтер жанып кетті. Оқиға орнына жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 08:24-те толықтай сөндірілді» деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. Ведомствода мәлім ...

Толығырақ »

Білім беру саласы әлеуметтік лифтке айналды

Заманауи өркениеттің болашағы технологиялық ілгерілеу мен экономикалық өсімге ғана емес, сондай-ақ адами капиталдың сапасына байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға баса мән беріп келеді. Елбасы халыққа Жолдауында «Білім беру саласына өзіндік инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар жеке экономика саласы ретінде қарау керек» деп жүктеді.  «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингінде 2017 жылы Қазақстан бастауыш білім берумен қамту көрсеткіші бойынша ...

Толығырақ »

Торғайдан ұшқан тарланбоз

Қарапайым ауыл баласының академик, мемлекет және қоғам қайраткерлігіне дейінгі жолды жүріп өткен ұстаздарымыздың бірегейі – даңқы дүниежүзіне мәлім абзал азамат Кенжеғали Сағадиев ағамыз мерейлі 80 жасқа толып отыр. Алып адамның бүкіл сексен жылдық ғұмырын қысқаша көктей шолып шықсақ, ол былай шығар еді: орта мектепті бітірген соң, Алматыға жетіп, сол кездегі С.Киров атындағы Қазақ мемле­кеттік университетінің ректоры Асқар Закаринге кіріп, жағдайды ...

Толығырақ »

Қостанайда ауыр жұмыс істейтін нәзік жандылар саны көбейген

Қостанай облысында металл өңдеу, кен өндіру саласында жұмыс істейтін әйелдердің қатары өскен деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргуновқа сілтеме жасап. Басқарма басшысы айтқандай, өңірде аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық бойынша 3 мыңға жуық адам жұмыс істеп жүр. Бұл облыстағы жұмыспен қамтылғандардың 2,8%-ын құрайды. «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан ...

Толығырақ »

Қостанайда 300-ге жуық дәрігер жетіспейді

Қостанай облысының ауылдарында әмбебап дәрігерлер жетіспейді, ал қалаларда салалық мамандар тапшы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркін Дәуітбаев айтты. Былтыр Тобыл-Торғай өңіріне 105 жас маман және 16 тәжірибелі дәрігер келген. Олардың арасында онкологтар, бала дәрігерлері, терапевт және хирургия саласының мамандары бар. Бірақ, бұл облыстағы кадр мәселесін толық шеше алмады. «Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас ...

Толығырақ »

Қостанайда 100-ден астам малдан қауіпті індеттің белгілері табылды

Қостанай облысында 115 үй жануарынан нодулярлық дерматит ауруының белгілері анықталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайға сілтеме жасап. Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат кеңесінде ветеринария саласының мәселелері қаралды. Жалпы, өңірде 2016 жылдан бері бруцеллезге шалдыққан қара малдың саны азайған. «Өңірде ауыл шаруашылығындағы жетістіктердің дені қай уақытта да эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығына байланысты. 2015 жылы өңірдегі үй ...

Толығырақ »