Крупская кім болған?

Пролетариат көсемi Лениннiң серiгi, қызыл педагог Крупскаяның дүниеге келген күнiнен бастап талқаны таусылғанға дейiнгі өмірінің құпия сырлары әлі ашыла қойған жоқ.

Халық ағарту iсiнiң сұр кардиналы Надежда Константинқызы Крупская 1869 жылы 26 ақпанда Петербург қаласында туған. Педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академиясының құрметтi мүшесi, демократиялық пиғылдағы офицердiң отбасында дүниеге келген Надежда Крупская Петербургтағы әйелдердiң жоғары курсын бiтiрiп, революциялық iстерге ерте араласады. 1896 жылы тұтқынға алынып, 1898 жылы Уфа губерниясынан Шушенск селосына 3 жылға жер аударылып, осында жазасын өтеп жүрген Ленинмен танысады. Бұл таныстық оның пролетариат көсемiмен өмiрiнiң соңына дейiн бiрге болуына жол ашады.
1900-1907 жылдары ол Ленинмен бiрге Мюнхенде, Финляндияда, Женевада эмиграцияда болып, астыртын жағдайда «Искра», «Пролетарий», «Социал-демократ» газеттерiмен байланыс жасап, мақалалар жазып тұрады. 1917 жылы Кеңес өкiметiнiң орнауымен Халық ағарту комиссариатының алқа мүшесi болып сайланып, Луначарский, Покровскийлермен бiрге ағарту саласындағы алғашқы декреттi жазуға араласады. Бұның бәрi ресми органдардың жазып қалдырған партиялық қалыптағы, сүзгiден өткен автобиографиялық өмiрбаяны.
Ал шындық басқа өмiрбаян беттерiн көрсетедi. «Алгоритм-книга» баспасынан жарық көрген «Красная фурия или как Надежда Крупская отомстила обидчикам» атты тарихи триллер кiтабын оқығанда бiздiң танымымызды басқа ойға жетеледi.
Жалпы, Крупскаялар әулетi өз бастауын Қазан губерниясынан алады. Кейбір деректер олардың еврейлер отбасынан шыққанын да айтады. Надежданың бертiн келе, жас кезiнде еврей балаларымен бiр аулада ойнағанын, оларға деген сағынышын ұмыта алмауы соны дәлелдейтiндей.
Екатерина гимназиясын алтын медальмен бiтiрген Надя 1887 жылы Бестужевтегi әйелдер курсына қабылданады. Бастауыш мектепте сабақ бередi. Халықаралық революциялық ұйымның агентi, еврей Классонның үйiнде Ленинмен жасырын кездесiп тұрады. 1895 жылы масон Орденiнiң (ұйым – ред.) агентi Надеждаға Ленин мен Мартовтың «Ресей жұмысшы табын азат етушiлердiң күрес ұйымының» құрылымы туралы зерттеудi тапсырады. Ол бұл тапсырманы асыра орындайды. Уақыт өте келе Крупская ауыр сырқатқа ұшырап, кейiнгi өмiрiн ағартушылық жұмыстарға арнайды.
Бiрде онымен Мюнхен университетiнiң кiтапханасында америкалық белгiсiз бiр адам кездесiп, Ресейдегi ағарту мәселесi жөнiнде әңгiме өткiзедi. Бiлiм iсiнiң негiзi идеологияда жатқанын тілге тиек етiп, бұл бағытта өзiнiң қаржылай көмек беретiнiн, оған жақында ғана құрылған миссонерлiк компанияның қолдау көрсететiнiн айтады. Өзiн қайырымдылық қорының өкiлi ретiнде таныстырған Джон Стюарт екеуара болған әңгiменi Ленинге жеткiзудi сұрайды.
Ресей империясының қол астындағы ұлыстар мен орыс халқының бiлiмiн көтеру жолында қажеттi адамдарды дайындауға да көмектесемiз дегендi қоса бiлдiредi. Бұл жөнiнде Ленинмен әңгiмелескен соң Крупская кез келген революцияның соңында америкалық қаржылық-өнеркәсiптiк топтың тұратынына көз жеткiзедi.
I-шi Интернационал масондардың аса құпия ұйымы «Бас пен сүйек» қоғамын құрғанын, оның құрамында әлемге билiк жүргiзуге құмар Пэй, Гарриман, Рокфеллерлер, Дэвидсондар, Моргандар, Дюпондер тұрғанын Крупская бiлмейтiн болып шығады. Масондардың бұл құпия Орденi АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Испанияның, Оңтүстiк-Шығыс Азияның билiк институттарында зұлымдық идеясын жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатқанынан да хабарсыз еді. Бұл мақсатқа жету үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына иелiк ету, баспаларға, саяси партиялар мен iрi өнеркәсiп кәсiпорындарына қожалық ету қажеттiгi талап етiледi. Орденнің басшылары еврейлер еді. Стюарт пен Крупскаяның соңғы құпия кездесуiнде америкалық оған Гегельдiң философиясын мұқият оқып шығуды өтiнедi. Гегель диалектикасын Крупская немiс тiлiндегi түпнұсқасында оқып, «шиеленiстi ұйымдастырудың» стратегиясы мен тактикасындағы масон Орденiнiң ықпалын түсiнедi. (Мұны бiз фашизмнiң КСРО-ға жасаған соғысынан көрiп бiлгендей болдық –  авт.).
1901 жылы Крупскаяның Н.Саблина деген лақап атпен ұлты еврей, революционер Гольдманның жекеменшiк баспаханасынан «Жұмысшы әйелдер» деген брошюрасы басылып шығады. Бұл масон Орденiнiң ұйымдастыруымен болған саяси авантюра едi.
Билiкке келу жолдарын ойлаған Крупская осы мақсат жолында Халық ағарту комиссариатын құрып, бүкiл идеологиялық жұмысты бiр қолына шоғырландырады. Ол масон Орденiнiң бақылауында болады. Большевиктiк Ағарту комиссариатының ең алғашқы декретi – патшалық оқу-ағарту құрылымын таратумен басталады.
Көптеген мектептер, медреселер, училищелер, коммерциялық оқу орындары, семинариялар, институттар және т.б. білім ошақтары жабылады. Есесiне жер-жерлерде еңбек коммунасы, жетiм балалар колониясы, еңбекпен түзеу мекемелерi ашылады. Бiз, сырттай мақтаныш тұтатын педагог Макаренко да сондай еңбек
колонияларының ұйымдастырушыларының бiрi болады. Ұлты еврей, кәсiбi чекист Макаренко туралы да бiзге жеткен тарихи шындық айтылмай келдi.
Крупская кеңестiк мектептi ұйымдастыруда шетелдiк педагогтардың еңбегiне сенiм артады. Олардың басым көпшiлiгi масон Орденiнiң мүшелерi болды. Балаларды 6 жастан 18 жасқа дейiн мектеп армиясында тәрбиелеп, материалдық құндылықтарды еңбекпен табуға үйретудi басты мiндетке айналдыруды мақсат тұтқан олар кейiн өз ойларының қате екенiне көз жеткізедi. Бiрақ большевиктер басқа ұсыныс енгiзе алмады. Олардың халық ағарту, үгiт және насихат iсiндегi жұмыстары эпидемияға ұшырайды. Крупская сондай-ақ идеологиядағы барлық баспа iсiн бақылауға алып, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға авторларды өзi белгiлеп отырады. Оның зардабы Қазақстандағы өтпелi кезеңдегi талас-тартысқа да әсер етедi.
1917 жылы, қос революцияның тұсында қазақ зиялылары, ұлттық-демократиялық интеллегенция билiкке деген көзқарастарын ашық бiлдiре бастайды.
Қазақ интеллигенциясы мен мемлекеттi құрушы большевиктер екi майданға шығады. «Ақпан төңкерiсi» қазақ халқына қандай түсiнiктi болса, «Қазан төңкерiсi» сондай түсiнiксiз болды» деп жазды сол кезеңдер туралы Ахмет Байтұрсынов. Осы кезеңдердегi көптеген қаулы-қарарлардың идеялық авторларының бiрi Крупская болғаны бүгiнбелгiлi болып отыр.
Большевиктер өкiмет басына келген бойда шығарған ресми қаулы-қарарлары мен директиваларын қарап отырсақ, барлығы дерлiк өз азаматтарына қарсы, оларды саяси тұрғыда жазалауға бағытталғаны байқалады. Мысалы, «Баспа туралы» декретінде өздерiне қарсы мерзiмдi басылымдардың бәрiн жабуды мақсат етiп қойды. Бұл саяси жазалау шаралары Қазақстанда да көрiнiс бердi. 1918 жылы елiмiздiң ұлттық мүддесiн қорғайтын бiрден-бiр басылым «Қазақ» газетi жабылды. Онда большевиктер саясатына келiспейтiн, оны саяси жағынан айыптайтын көптеген мақалалар жарық көрiп жатты. Ресейдiң саяси аренасындағы большевиктердiң рөлi, олардың өз өкiметiн орнату жолындағы әрекеттерi сыналды. Қазақстандағы негiзгi саяси қуғын-сүргiннiң басталуына екi құжат «Баспа туралы декрет» және «Контрреволюция мен саботажға қарсы күрес жөнiндегi декрет жобасы» қозғаушы күшке айналды. Бұл қаулылардың бәрi Халық ағарту комиссариатының дайындауымен шықты. Ал ол комиссариатқа Крупская басшылық жасады.
Жалпы, Крупская өзiне халықаралық масондардың қойған талабын жер бесiкке жамбасы тигенше дейiн адал орындап шыққан көрiнедi. Халық ағарту саласындағы сұр кардинал атанған оның өлгеннен кейiн Йель университетiнiң профессоры, Орден иегерi екендiгi жөнiнде құпия құжаттар табылған.
Надежда Константинқызы 1939 жылы 27 ақпанда Мәскеуде дүниеден өткен. Өлерiнiң алдында ол өзiнiң денесiн әкесiнiң жанына қоюды өтiнiш етедi. Бiрақ коммунистер оны орындамай денесiн өртеп, күлiн Кремль қабырғасына қоюға шешiм қабылдайды.

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

timepress.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек. Облыс халқының саны – 864 500 адамды құрайды, бұл ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *