Қостанай облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өңір басшысы ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша іс жүзінде өңірдің барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері оң серпінді көрсеткенін атап өтті. Өнеркәсіп өсімі – 15,3%, құрылыс жұмыстары – 3,5%, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 15,9%, бөлшек сауда – 3,6%. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайтында жарияланды. 

Өңір экономикасына 226,4 млрд. теңге тартылды, өсімі 3,9%, бұл ретте, сыртқы инвестициялар түсімі 10,7% ұлғайды.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 2,1% ұлғайды.

Қостанай облысы әкімінің мәлеметі бойынша 10 айдың қорытындысы негізінде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 978,4 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді, ал тұтас 2018 жылдың ішінде оның көлемі 883,4 млрд. теңге болған еді. Жыл қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіптік өндірісінің көлемі алғашқы рет 1 трлн. теңгеден асты.

Архимед Мұхамбетов автомобиль құрастыру жақсы қарқынмен дамып,өндіріс көлемі 2 есеге өскенін атап өтті.

Жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайта түсуде, және есеп беріп отырған кезеңде 19,6 мың автомобиль құрастырылды, бұл өткен жылғы осыған ұқсас кезеңдегіден 2 есе артық және тұтастай 2018 жылғыға қарағанда 1,6 есе көп. Кәсіпорынның ағымдағы жылы 25,0 мың автомобиль құрастыру жоспары бар.

Облыс әкімі атап өткендей, Қостанай облысында ағымдағы жылға 5 жобаны іске қосу жоспарланған, оның 2-уі есепті күнге енгізілді.

Осылайша, мамырда «Lovol» маркалы тракторлар өндірісі және 23 қазанда Қостанайдағы Индустриалдық аймақта қуаты мол «Кировец» тракторларының өндірісі іске қосылды.

«АгромашХолдинг KZ» АҚ «КамАЗ» компаниясымен өнеркәсіптік кооперацияда іске асыратын автокомпоненттер өндірісі жөніндегі жобалар белсенді сатысында тұр.

Аталған ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобалар іске асырылуда, оның 2-уі Индустриалдық аймақта орналастырылатын болады, бұлар: «КАМАЗ» арнайы техникасының жетекші белдіктерінің басты берілістері редукторларының өндірісі» және «Қостанай қаласында қуаты 50 мың тонна құйма автокомпоненттерін шығаратын шойын құймасы зауытының құрылысы».

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы қызметі туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 11,2% құрайды. Салада 125 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 26%.

Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша 3 млн. тонна астық бастырылды, облыс бойынша орташа өнімділік 7,6 ц/га құрады. Жиналған астық көлемі шаруашылықтарға бірінші кезектегі қажеттіліктерді жабуға, мал қыстатуды жүргізуге, алдағы жылдың егіс жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы бидай құнының өсуіне байланысты жергілікті бюджеттен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін 300,0 млн. теңге бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытудың маңызды бағыты етті мал шаруашылығы бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Бізде есеп беру кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны және өнімнің барлық түрлерінің өндірісі артты.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов көлік инфрақұрылымын дамуына назар аударды.

Ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 37,3 млрд. теңге бөлінді, өсімі 12,0 %. Бұл 550 км астам автожолды қайта жаңартуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

Тек облыс орталығында ғана жолдарды салуға, қалпына келтіруге және жөндеуге 7,7 млрд. теңге жұмсалды.

Бүгінгі күні «жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» 2018 жылғы 66% — тен 68% — ке дейін өсті.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекше бақылауда.

Жыл басынан бері 281,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тұрғын үй құрылысына 24,8 млрд. теңге инвестиция салынды Жыл соңына дейін 330,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылдың деңгейінен 10%-ке жоғары.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру мақсатында 2019 жылы 8 объектіні іске асыруға 3,1 млрд. теңге бөлінді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасына облыс әкімі жеке тоқталды, оның шеңберінде 5 аудан орталығында сомасы 2,2 млрд. теңге болатын 74 жоба іске асырылуда.

Бұл әлеуметтік сала объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ кентішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жобалар.

Сонымен қатар, осы ауылдарға тартылған қаражат есебінен ауылдарды абаттандыру және үйлерге инженерлік коммуникациялар жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жыл сайын білім беру саласын қаржыландыру артып келеді. Тек 3 жылда облыстың білім беру бюджеті 1,5 есеге дерлік өсті.

Ағымдағы жылы Қостанай қаласының жаңа «Әуежай» шағын   ауданында 900 орынға және мемлекеттік тілде білім беретін гимназия арналған 2 замануи мектеп өз есіктерін ашты, бұл өңірдегі үш ауысымды проблемасын толығымен шешуге мүмкіндік берді.

Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде мектептердің құрылысы басталды.

Ағымдағы      жылы облыстағы білім берудің 21 объектін күрделі жөндеуге бұрын болмаған 2,7 млрд. теңге сома берілді.

Білім беру саласын цифрландыруға қатысты, қазіргі таңда білім берудің мекемелері 100% кең жолақты қолжетімді Интернетпен қамтамасыз етілді (498 мектеп).

Жалпы облыстың білім беру саласында оңтайлы жетістіктерге жету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жұмыстан басқа, өңірге мамандарды тартуға жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, медициналық қызметкерлерді ауылдық жерге тарту үшін бюджеттен 90 дәрігерге 135 млн. теңге көтермеақы төлеу қарастырылған.

Медициналық қызметкерлерді қалаға тарту және оларға көтермеақы төлеу үшін тартылған қаражат есебінен 100,0 млн. теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі «Қазақстандық Ипотекалық компания «Ипотекалық ұйымы» АҚ-мен 3 жыл бойы облыстың 350 медицина қызметкері үшін жалға берілетін тұрғын үйді сату туралы келісім жасасқан республикадағы алғашқы болып табылатынын, ал ағымдағы жылы келген мамандарға 146 пәтер бөлінгенін атап өтті.

Атқарылып жұмыстың арқасында ағымдағы жылы өңірге 255 дәрігер тартылды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Халықты жұмыспен қамтуға көп көңіл бөлінуде.

10 айдың ішінде 15 мыңнан астам жұмыс орны, оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларда 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жылдық кешенді жоспар артығымен орындалды. Іс-шараларға 25 мыңнан астам адам тартылды. Оның ішінде 18 мың адам (72%) тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасты, 4,5 мыңнан астам адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша және бизнесті жүргізу негіздерін оқуға жіберілді. Бағдарлама қатысушыларына бизнесті жүргізуге 3,0 млрд. теңгеден астам сомасында шағын кредиттер берілді.

Қостанай облысы ел өңірлерінің арасында спортпен шұғылданумен қамтылған халықтың үлесі бойынша үшінші орында тұр, ол 31,6% құрады.Облыста 2,5 мыңға жуық спорт ғимараттары бар, ал ағымдағы жылы 30 жаңа спорт алаңы, оның ішінде 12 ауылдық жерде пайдалануға берілді.

Ал, қазір спорт    резервін дайындау бойынша жұмысты 32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жүргізеді, онда жалпы білім беретін мектептердегі балалардың санынан 19,0 мыңнан астам бала немесе 18,3% жаттығумен қамтылды.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласында заманауи шаңғы базасының құрылысы басталғанын хабарлады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы сөз соңында алдағы уақытта да индустрияландыру, қосылған құны жоғары өнімді шығару бойынша жұмысты жалғастыратынын, бұл халық тұрмысының сапасын арттыратынын атап өтті.

Мынаны да қараңыз

Түркияда жаһандық туризм өкілдері бас қосады

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *