Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғалары лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігіне ілігіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады.
«Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар жер телімінің нысаналы мақсатын дүкеннің құрылысына заңсыз ауыстыру және оған сәулеттік-жоспарлық тапсырма беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану күдігіне ілінді» деді Қайсар Баржақсынов.
Оның айтуынша, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.