Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін

Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық баяндамасында жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баяндамада COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқаны жазылған.

«Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ала бағалауға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі болжанған 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі мүмкін. Бұл 800 мыңнан астам адамның кедей өмір сүретінін көрсетеді», — делінген хабарламада.

2019 және 2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуі жалпы сұранысты азайтқаны және қаржылық сектордың тұрақтылығына нұсқан келтіргені аталып өткен. Ал осы кезекте пандемияға байланысты шектеу шаралары экономикаға қатты зардабын тигізді.

 

фото smarthr.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті

Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының ...