Жерлесіміз, академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

«Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шарасы тура бір жылдан кейін — 2021 жылы 25 шілдеде өтеді» делінген Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.

Кенжеғали Әбенұлы 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында туған. Экономика ғылымдарының докторы (1977ж.), профессор  (1978ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1994 ж.), Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым мен техника қайраткері. Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы (1990-1992ж.) және президентіне сайланды (1994-1996ж.). Қазақстан Республикасының Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігінің директорлар кеңесінің (2012-2014ж.) төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007ж.) және төртінші (2007-2011ж.) шақырылымының депутаты болып сайланды және де Мәжілістің Қаржы және Бюджет комитетінің төрағасы болды. Академик Кенжеғали Сағадиев өзінің ғылыми мектебін жасады, 250-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 монография мен оқулықтардың авторы. Сондай-ақ ол «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендерінің иегері.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанайда қылмыстық топ құрықталды

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қостанайда бір тұлғаның заңға ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *