«Темір-қатынға» үйленген механизатор неге жылады?

1 қазан күні Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ХХІІ маусымының шымылдығын түрді. 1 қазан күні басталуы кездейсоқтық емес, бұл күні көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері дүниеге келген.

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.11.jpeg

Жаңа маусым Ш. Башбековтің «Темір қатын» комедиясымен ашылды. Қоюшы режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Баатырбек Шамбетов.

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.12.jpeg

Отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұра ма, механизатор Қошкар ака жұбайы Кумримен жүз шайысып қалады. Әйелі бала-шағасын ертіп, төркініне тайып тұрады. Ерегескен тракторшы жас ғалым ойлап тапқан робот-әйелге үйленіп, некесін қидырады.

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.13.jpeg

«Темір-қатынның» қолынан бәрі келеді, бірақ ол жан жылуын бере ала ма? Қандай мықты роботтың өзі бір әйел атқарар үйдің жұмысына неге шыдамады?

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.14.jpeg

Комедия көтерген мәселе өте ауқымды.

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.15.jpeg

Адамзат ақылының шыңы, жетілген ең жоғарғы технология можантопай механизатордың қолына түссе, нәтижесі не болмақ? Бүгінде тұрмысқа дендеп енген жасанды интеллект жүрегіңе үстемдік жүргізіп, жан дүниеңді билеп, өміріңе қатер төндірсе ше? Тұжырым жасау қабілетіне ие болған «Темір-қатын» арбағанда, өзін «тас жүрек» сезінетін еркек неге еңкілдеп жылады?

WhatsApp Image 2021-10-02 at 12.05.16.jpeg

Ең өзекті сұрақтарға жауапты «Темір-қатынды» тамашалаған адамның өзі-ақ табады.

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ

BAQ.KZ

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЙ

Мынаны да қараңыз

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері

    (Эссе)      Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ ...