Ауылға келгеніме үш күн болды. Түсте тас төбеден күн жарқырап, аңызақ жел соғып, берекені алатын. Бесін уақытында тіршілік тоқтап,бәрі бір сәт тынығады. Күн ыстығы ауып, басылған соң ғана күйбін тіршілік әрімен домалап кете береді. Түнде әр жерден ауыл жастарының ысқырығы мен дамылсыз, бірінен бірі іліп алып кететін абалаған иттердің үргені ғана естіледі. Сондай түндердің бірінде дөмбекшіп төсегіме сыймай, далаға шықтым. ...
Толығырақ »admin
Мұсылман адмиралы Мұхаммед туралы не білеміз?
1-cурет. Чжен Хе 7 рет экспедицияға шыққан болатын Шыңғыс хан және оның ұрпақтары әлемнің көптеген елдерін, оның ішінде Қытайды да бірнеше ғасыр билеп-төстегені тарихтан мәлім. Қытайлардың 1500 жылдан астам уақыт бойы (Цинь және Хань әулеттерінен бастап Мин әулетіне дейін) біздің ата-бабаларымыздан қорғану үшін тұрғызып келген Ұлы Қытай қорғанын жауынгер жұрт — көшпенді монғолдар бұзып-жарып өткен болатын. 1211 жылы моңғолдар Қытайға ...
Толығырақ »«Мәрліні ұмытқан» дəрігердің арды да ұмытқаны ма?!
Қазіргі таңда Қостанай облысында дəрігер маман жетіспейді. Оны құзырлы орындар да жиі айтып жүр. Білікті маман қажеттілігі қатты сезіліп тұрған өңірдің бірі – Қостанай облысының Жангелдин ауданы. Мұнда ақ халатты маман саны аздығымен қатар барының өзі біліксіз сыңайлы. Бұлай деуімізге себеп – сол өңірдің тұрғыны жариялаған жанайқай. Роза есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз жазбасында Жангелдин аудандық орталық ауруханасындағы сорақы оқиғаны баяндаған. Яғни, ...
Толығырақ »«Тобыл — Торғай» сайтына қош келдіңіздер!
Құрметті оқырмандар! Бүгінгі тұсауы кесіліп отырған «Тобыл — Торғай» сайтына қош келдіңіздер! Біздің бұл жобамыз — Қостанай облысы бойынша қазақ тілінде ашылып отырған алғашқы сайттардың бірі. Көне Тобыл мен ескі Торғайдың ертедегі және кейінгі тариxы, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен хал-ахуалын жіті зерделеп, жазып отыруды өзіміздің парызымыз санаймыз. «Тобыл-Торғай» сайты ұжымының атынан Амандық Қорғанұлы
Толығырақ »Рудныйда автогрейдер ұрланды
Ақпанның 6-на қараған түні Рудный қаласында басқаларына ұқсамайтын көлік айдап кету оқиғасы болған. Космонавтов- Парковая көшелерінің қиылысында белгісіз біреу далаға қараңғы түскенін пайдаланып, автогрейдерді айдап әкеткен. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы бейнебақылау таспасындағы жазбаларды қарау барысында оқиғаға қатысты адам анықталып, ұсталды. Ол Қамысты ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Автомобиль немесе ...
Толығырақ »Көктерек – чемпиондар мекені
Қостанай облысында тоғызқұмалақтан меңдіқаралықтардың мықты команда екені спортсүйер қауымға белгілі. Аталған ауданда жеңімпаздарды тәрбиелеп шығарып жүрген білікті жаттықтырушы Рыспай Үмбетов екенін айта кетейік. Рыспай Мұқатайұлы кезінде аймағымыздағы байрақты бәсекелердің бірталайында өзі де белсенді өнер көрсетті. Сан мәрте жеңіс тұғырына да көтерілген. Қазіргі таңда Меңдіқара ауданына қарасты Көктерек ауылындағы мектепте дене тәрбиесінен сабақ беріп, сонымен қатар, отыз балаға тоғызқұмалақтың ...
Толығырақ »«Қашаннан қыран мекені»
Қостанайда Торғай таланттарының концерті өтті. Өнер кеші Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналды. Танымал әнші, КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Рысты Ерденова мен өнер жанашыры, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Тұрған Талғабеков – идея авторлары және концертті ұйымдастырушылар. Кеш айтыскер ақын Айбек Қалиевтің арнауымен ашылды. Жыршы Абзал Алпысов халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан ...
Толығырақ »Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен ...
Толығырақ »Менмұндалаған Мұнанай!
Жалпы, Ресей империясы Қазақ даласының маңыздылығын әуелден ерте түсінген болатын. Соған қатысты 1 Петр патша былай деген болатын: «Хотя оная киргиз-кайсацкая орда степной и легкомысленный народ, токмо всем азиатским странам и землям оная орда — ключ и врата». Иә, шынында басқа Азия елдеріне өту үшін Қазақ жері арқылы шығу мүмкін еді, сондықтан әуелі қазақтарды бірде қарудың күшімен бірде сауда-саттық арқылы ...
Толығырақ »Мұхтар Әуезов – ыбырайтанушы
Ы.Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерiнiң егжей-тегжейлi зерттелгенi рас. Алайда көп жайт Кеңес дәуірінің саясатына орай бұрмаланып көрсетілді. Ол үшін кітап, мақала авторларына кінә артып айыптай қарағаннан гөрі түсіністікпен байыптай қараған жөн сияқты. Өйткені олар солай жазуға мәжбүр болды, заманы соны талап етті. Мәселен, Ә.Дербiсалиннiң «Ыбырай Алтынсарин» деген зерттеу еңбегiнде: «1923 жылы «Шолпан» журналында (№ 6, 7, 8) жарияланған «М» дегеннiң ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz