admin

Қостанайлық коньки тебуші Канада турнирінде күміс медаль иеленді

Канаданың Калгари қаласында өткен халықаралық турнирде қостанайлық Александр Кленко күміс медаль жеңіп алды. Халықаралық жарыста сегіз елден барған 300-ге тарта спортшы бақ сынаған. Дмитрий Морозов, Екатерина Айдова және Александр Кленко сынды отандастарымыз Қазақстан құрамасының қоржынына алтын, күміс медальдер салды. Дмитрий Морозов бес мың метрлік бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кессе, Екатерина Айдова үш шақырымдық сында екінші орын алды. Мың метрге ...

Толығырақ »

Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты санкцияны қарады. «Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты жедел-тергеу тобының басшысы, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің Қостанай облысы прокурорының орынбасары К.Мамаевпен келісілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ басшысын бұлтартпауға қатысты екі айға қамауға алу санкция шаралары ...

Толығырақ »

Клиенттердің құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген

Жітіқаралық құқық қорғаушылар алаяқтықпен айналысқан банк қызметкерін ұстады. Күдікті банк бөлімшелерінің бірінде қызмет істеп жүріп, клиенттердің жеке куәліктері арқылы несие рәсімдеген. Сөйтіп, оңай олжаға кенеліп отырған. 25 жастағы банкир жігіт мұндай әрекетпен бір жылдан бері айналысып жүріпті. Айласын асырып дәніккен ол банк клиенттерінің құжаттарын пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан ғаламтор арқылы несие рәсімдеп отырған. Қарыз сұраушыдан көп құжат талап етпейтін, онлайн жұмыс ...

Толығырақ »

Қостанайлық студенттер қола жүлдемен оралды

Ресейдің Красноярск қаласында 2-12 наурыз аралығында өткен XXIX қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық студенттер барлығы 7 медаль олжалады. Жарысқа қатысқан қостанайлық студенттер қола жүлде қанжығалап қайтты. Жүлдеге іліккен жерлестер арасында Әлия Әмірғалиева, Қадиша Бақтыгереева, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұратов сынды жастар бар. Олар шорт-тректен қола медаль алған болатын. Жүлдегерлер Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды.

Толығырақ »

Қазақтың «кіші тыңы» қайда немесе Жаңаөзеннен сабақ алсақ игі

Кеше Жаңаөзендегі жастардың жергілікті билік органдарынан жұмыс сұрап жатқан видеосын көрдім. Әрине, жергілікті билік органдары жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем жасауы тиіс десек те, мұндағы жұмыссыздық проблемасын тереңнен қарастыру керек деп ойлаймын. Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы бар екені ақиқат (оған дәлел — жұмыс іздеп Ресейге кетуші Қазақстан азаматтарының саны Тәжікстаннан кейін екінші орын алып отыр екен). Бұл мәселе көбінесе еліміздің оңтүстік және ...

Толығырақ »

«МЫҢ АЛҒЫС» қайырымдылық акциясы

«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС «МЫҢ АЛҒЫС» атты қайырымдылық шарасының аясында 2019 жылдың 11-28 ақпан аралығында өтетін «Қайырымдылықтан қалыс қалма! Алғысқа бөлен!» радио-видеомарафонын бастап кетті. Осы аралықта «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігіне қарасты «SHALQAR», «ASTANA», «CLASSIC» және «QAZAQ RADIOSY» радиоларының эфирлеріне еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және меценаттар шақырылып, адамның бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі- қайырымдылық туралы ойлары ...

Толығырақ »

Сын түзелмей, мін түзелмейді

Көпшілігіміз медицина мекемелеріне жоламауға тырысатынымыз шын ғой, өйткені нағыз қағазбастылық, көп жағдайда науқастардың денсаулығына жүрдім-бардым қарау да орын алады. Әрине, «ақ халатты абзал жандардың» басым көпшілігін әрқашан адам жанының арашасы деп білеміз. Негізі бір нәрсе екінші нәрсеге сеп болатыны түсінікті, өткен жылы Тобыл-Торғай.кз сайтына Ләззат Жармақ атты жерлесіміздің жанайқайын жеткізіп едік. Іле-шала Қостанай облыстық ауруханасының Баспасөз хатшысы Ксения Барабанова-Жылқыбаева (Қостанай ...

Толығырақ »

Қостанайда сентимментал тұқымының палатасы құрылады

Қостанай обылысында симментал тұқымы республикалық палатасын құру туралы шешімді қара малдың осы түрін өсірумен айналысатын кәсіпкерлерден құралған ынталы топ өкілдері қабылдады. Олардың айтуынша, ортақ мәселелерді шешу үшін құзырлы орган қажет. Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында «Агрогенетикс» ЖШС жетекшісі Марк Гумеров мұндай палатаның жұмыс істеуі заңға сай екенін мәлімдеп, бірқатар деректерді алға тартты. «Қазақстанда 57 мыңнан астам симментал тұқымды сиыр ...

Толығырақ »

Облыс әкімі Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеделхатта Шерхан Мұртазаның бақилық сапарға аттанғаны туралы қаралы хабар күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны туралы жазылған. «Алатаудай айбарымен, Қаратаудай қайратымен елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан қазақ әдебиетінің қара нары – Шер-ағаңның орны бір күнде ойсырап қалды. Шерхан ...

Толығырақ »

Қостанай аэропортында жаңа бағыттарға әуе рейстері ашылады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов Қостанай әуежайында жаңа рейстер ашылатынын мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қостанай әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу (2018 жылға есептелгені – 4,6 млрд теңге) туралы ерекше тоқталғым келіп тұр. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуы айлақта жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Қостанай-Ганновер бағытында жазда ғана емес, ...

Толығырақ »