Облыс әкімдігінде өткен жиында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов өңірдегі өрт қауіпсіздігі қызметінің жұмыс нәтижелері туралы есеп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі өңірде өрт қауіпсіздігін сақтау және оны алдын алудың кешенді шараларын қолға алған. Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері бүгінге дейін жергілікті полициямен бірлесе отырып, 18 мың аулаға бақылау-тексеру жүргізген. Департамент мамандары жаз ыстығында өрт қауіпсіздігін күшейту ...
Толығырақ »ganibet
3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтардың соңғы нұсқалары басылып шығарылды
Білім және ғылым министрлігі 3, 6 және 8-сыныптарға арналған оқулықтарды оқыту процесіне енгізу бойынша едәуір жұмыс атқарды. Барлық оқулықтар ғылыми және педагогикалық сараптамадан, сондай-ақ, еліміздің 30 пилоттық мектебінде сынақтан өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Оқулықтарды қоғамдық бағалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сараптама кезінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтындағы «Қоғамдық бағалау» порталына 3, 6, 8-сынып оқулықтарының макеттері орналастырылды. Қоғамдық бағалау қызметі туралы ақпарат ...
Толығырақ »Қостанай облысының 3 ауданы оқулықтарды өз күштерімен тасымалдауға мәжбүр
ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы республика бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8-сыныптарға арналған 12 млн астам оқулық сатып алынды. Бұл сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың. Баспалар оқулықтардың ...
Толығырақ »«Мен де қайта туып көрейінші…»
1988 жыл болатын. Ғафаңның 60-жылдық мерей тойы Арқалықтан басталды. Арқалық қаласында облыстық партияның бірінші хатшысы қатысқан шығармашылық кеш Горняк мәдениет үйінде өтті. Одан кейін Амантоғайда, Аманкелді ауданында аталды. Жолдағы совхоздар Абай, Албарбөгеттен де күтіп алып, қонағасы берушілер болды. Торғайда Ғафаңның ата бабасының туған жері Шұбалаң деген жер бар. Шұбалаң мен аудан орталығының арасында «Ғ.Қайырбеков атындағы оқушылар лагері» бар. Ғафаң, Бәдеш ...
Толығырақ »Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі елордаға құнды дүниелер алып келді
Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі көрмесінің салтанатты ашылуы өтті деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат TimePress желілік басылымына сілтеме жасап . Іс-шара Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қостанай облысының мәдениет күндері қарсаңында ұйымдастырылды. Музей директоры Марғұлан Оспанов бұл шара Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ, Астананың 20 жылдық мерейімен орайлас қолға алынып отырғанын, мұнда ...
Толығырақ »«Өлкетану» оқулығы өрендерді патриоттыққа жетелейді
Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің мектептерінде 5,6,7-сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» оқулығы енгізілетін болады. Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы білім беру басқармаларының ұйғарымымен бекітілген тарихшы, өлкетанушы ғалымдар, әдістемеші-педагог мамандардың жұмыс тобы академик К.Байпақовтың жетекшілігімен жарты жылға жуық уақытта «Өлкетану» оқулығын әзірледі. Жаңа оқулыққа авторлар тарапынан туып-өскен өлкенің тарихы мен әдебиеті, өнері және табиғи-географиялық ерекшеліктері туралы мағұлматтар енгізілді. Оқулықтың кәсіби деңгейде ...
Толығырақ »Қостанайда оқушыларға роботтар сабақ береді
Биылғы оқу жылында қостанайлық оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Болашақ мектептің директоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналады. Бүгінде жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. Тағы бір жаңалық, биыл бұл оқу орнында оқушыларға робот сабақ ...
Толығырақ »Астық ұрлағандарға аяушылық білдірмейді
Қостанай облысының диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарына әзір. Бұл туралы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткен жиында белгілі болды. Жиында алдағы егін орағына әзірлік барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы астықтың шығымы жаман емес деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Орташа есеппен алғанда гектарына 12-13 центнерден айналуы ықтимал көрінеді. Сондай-ақ өңір диқандары егіс ...
Толығырақ »Алматыда футзалдан әлем біріншілігі өтеді
Бұл жолы қай ел футболшыларының бағы жанады? Алматы шаһарында 19-26 тамыз аралығында футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі басталады. Бұл жарыста 16 ерлер және әйелдердің 9 командасы сынға түседі. Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына FISU Бас хатшысы Э.Сентрон, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті Қ.Закирьянов, FISU вице-президенті ...
Толығырақ »Қытай компаниясы Қостанайда теледидар зауытын салады
Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар салады. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша Қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді. Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ. HKC Corporation ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz