Қостанайда тұрғын колледж студенттерін жұмысқа орналастырамын деп, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Дерекке сүйенсек, полиция дәл осы қылмыс схемасын ашып, жеңгетайды ұстаған. Ол 39 жастағы тұрғын болып шықты. Әрі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы ісін жүзеге асырып келген. Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай ...
Толығырақ »ganibet
Торғай өңірінде құрғақшылық болады
«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com
Толығырақ »Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсамақшы
Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ Аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен. Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, ...
Толығырақ »Торғай аймағын дамытуға 504,4 млрд теңге бөлінеді
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге ...
Толығырақ »«ҰБТ сынағына барған жоқ»: Қостанай облысында 11-сынып оқушысы асылып қалған
22 мамырда Қостанай облысында 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Обаған ауылында жалпы білім беретін мектептің оқушысы асылып қалған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталған. «ТоболИнфо» басылымы қыздың денесін әкесі тауып алғанын жазды. Ер адам қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысқан. Сол күні қаладан келгеннен кейін терезеден қызының асылып тұрғанын көрген. Әкесінің айтуынша, қызы бірнеше күн бойы отбасымен ...
Толығырақ »Ерлан Қалмақов жаңа қызметке тағайындалды
Ерлан Қалмақов Қостанай облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Болатұлы 1987 жылдың 14 қазанында Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді селосында туған. Білімі жоғары, 2008 жылында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтты тарих бакалавры мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетті құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 01.01.2006ж. – 11.08.2008ж. – «Қостанай ...
Толығырақ »Қостанайда науқас қыз лас жұмысқа жегілген: интернат директорына үкім шықты
Қостанай қаласының №2 сотында әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Майдашаш Жұмағалиға, оның қызы Камила Бимендинаға және Пешков психоневрологиялық интернат-үйінің директоры Дамира Әбелдиноваға үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйелдер ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: 128-бап «Адамды өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалдау, тасымалдау, өткізу», 126-бап «Бас бостандығынан заңсыз айыру», 362-бап «Билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра ...
Толығырақ »Жануарлар қалдығын өртеген: Қостанай тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды
Қостанай тұрғындары «Kostanay Plaza» сауда үйі қоршауының ар жағында орналасқан инсинератор пешінен шыққан жағымсыз иіске шағымданды. Бұл қондырғыда жануарлардың қалдықтары өртенген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатыр. Мән-жайын анықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде нақты айта аламын, инсинератор пеші ветеринария бөліміне тиесілі емес. Ол мал сою пунктіне тиесілі болуы мүмкін, — деп түсіндірді Қостанай облысының ...
Толығырақ »Қостанайда із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігіт туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды
Қостанайда 1 наурыз теміржол вокзалы маңындағы жұмысынан шығып, із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттің әкесі баласының қайда жүргені туралы ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін айтып, видео жолдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. Видеоны «Барыс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері жариялады. Біз 1 наурызда жоғалып кеткен 2001 жылы туған Жалғас Хамитовтың ата-анасымыз. Баламыздың нақты мекен-жайын біліп, ...
Толығырақ »Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды
Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 2021 жылы сотталушы «Antares» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты, – делінген хабарламада. Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық ...
Толығырақ »