KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 330,52 теңгеге нығайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 332,33 теңгеге тең еді. 18 қаңтардағы таңғы сауданың бірінші келісімі 331,5 теңгемен басталды. Бұл максималдық құны болып бекітілді. Минималдық құны — 330 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде ...
Толығырақ »ganibet
Мәжілістің биылғы бірінші жалпы отырысы өтуде
Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин палатаның 2017 жылдағы бірінші отырысын ашты. Ол бұл жиын осы жылдағы бірінші отырыс екенін, сапалы заңмен қамту жолында атқарылар жұмыстың көп екенін айтты деп хабарлайды egemen.kz. Ол биылғы бірінші отырыста депутаттардың жергілікті өзіндік басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын хабарлады. «Алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша заң жобасын қараймыз. ...
Толығырақ »Қазақстанда құрастырылған көліктерге сұраныс артады
Өткен жылы көлік саудасын қыздырып, мол пайдаға кенелеміз деген отандық автодиллерлердің үміті ақталмады. Өйткені, жаңа көлікке деген сұраныс екі есе төмендеген деп хабарлайды baq.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Былтыр өз елімізде шығарылған 47 мың темір тұлпар саудаланыпты. Өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері алдағы бағыт-бағдарын айқындады. Өткен жылы елімізде Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа елдерінде шығарылған көлікке деген сұраныс ...
Толығырақ »Андре Розье, бапкер: Головкин күл-талқан болады
Бапкер Андре Розье Boxing News 24 порталына берген сұхбатында Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннің қорғанысын күл-талқан ететінін айтты деп хабарлайды Vesti.kz. «Дэнни бұл жекпе-жекке дайын. Оның соққыларынан нокаутқа түспей қалған үш адам ғана бар. Дэнни өте жылдам панчер, егер Головкин рингте жүгіріп жүріп соққыларына жауап алмаймын деп ойласа, қатты қателеседі. Жекпе-жек басталмай жатып аяқталуы мүмкін. Дэнни алты жылдан бері қатты өзгерді. Пирогпен жұдырықтасқан кезде ...
Толығырақ »Иран Астанада өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы шықты
Иранның Cыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астанадағы басқосуға АҚШ делегациясының қатысуына қарсы шықты деп хабарлайды Lenta.ru Tasnim агенттігіне сілтеме жасап. «Біз оларды шақырған жоқпыз» деді М.Джавад. Мұның алдында Мәскеу Қазақстан астанасына БҰҰ өкілдері мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігін шақыруды жөн көретінін мәлімдеген еді. «Жаңа басшылық бұл шақыртуды қабыл алып, кез келген деңгейдегі сарапшыларын жібере алады» деген болатын Ресейдің Сыртқы ...
Толығырақ »Еліміздің теміржол вокзалдарында тексеру процедурасы енгізіледі
Қазақстанның 16 вокзалында теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарылату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады. «Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған ...
Толығырақ »«Алмас қылыштың» жалғасы биыл түсірілуі мүмкін
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмін биылдан қалдырмай жалғастыруға мүдделі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз Керей мен Жәнібекпен шектелмей, ол фильмді Қасым ханға дейін түсіруіміз керек. Шыны керек, бүгінде «Алмас қылышты» ары қарай жалғастыруға барлық дайындық бар. Оны міндетті түрде жалғастыруымыз қажет. Осы жылы Қазақ хандығының эпопеясын Қасым ханға дейін жеткізуіміз керек» деді министр ...
Толығырақ »Балалар үйлері жанынан бақылау кеңестері құрылады
Қазақстандағы балалар үйлері жанында алғаш рет бақылау кеңестері құрылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай тұжырымға келіп отыр. Бақылау кеңестері осы жылдың бірінші тоқсанында ашылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бақылау кеңестері балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық ...
Толығырақ »18 қаңтардан бастап онлайн-тіркеу іске қосылады
Ертеңнен бастап электрондық үкімет порталы арқылы Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу онлайн режімде іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды egemen.kz. «Егер тестілеуден сәтті өтсе, онда ертеңнен бастап онлайн-тіркеуді (азаматтарды уақытша тіркеу) қанатқақты режімде іске қоса аламыз» деді министр. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 250 мың адам тіркеуден өткен. egemen.kz
Толығырақ »Универсиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?
Алматыда өтетін Универсиадада 1-орын алған қазақстандық cпортшылар сыйақы ретінде 4,9 миллион теңгеден алады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Үкіметтегілердің қысқы және жазғы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне белгілеген сыйақылар туралы шешімі спортшыларымызды сәтті өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, 1-орынға — 4,9 миллион теңге, 2-орынға — 3,3 миллион теңге берілсе, 3-орын алғандарға 1,6 миллион теңге беріледі. Сондай-ақ Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де осындай сомадағы ...
Толығырақ »