Осыдан біршама уақыт бұрын Қостанай облысы Константиновка ауылының 22 жасар тұрғыны — Айгүл Құсайынова есімді мұғалім қыздың дәрігерлердің немқұрайлылығынан қайтыс болғаны туралы хабар тарап, тіпті, оның өлер алдындағы хаты әлеуметтік желіде пайда болған еді. Айгүлдің ата-анасы оның өмірден ерте кетіп қалуына «медициналық көмек тіркелген жерде ғана көрсетіледі» деген ереженің себеп болғанын алға тартады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» телеарнасына сілтеме ...
Толығырақ »ganibet
ЖҰМБАҚ ЖАН
«Құланның ажалы» қалай жазылды? Қалихан ЫСҚАҚ, жазушы: «…Демалысқа келді. Бір нәрсені бастадым деп келді. «Бұқаны мүйізінен тұқырт» деуші еді. Құлан Қыпшақ Кейкіні бастаған екен. «Совет өкіметінің хас жауы, қарақшы» Кейкіні қайда алып шығар, қалай шығар екен, алып шыққанмен қайда апарып сыйғызар екен?.. Менің көкейімде осы сауал тұрды. Ақан бұған да жауап қатқан жоқ… Кіші бесіннен көз байланғанша «Құланның ажалы» оқылды. ...
Толығырақ »Қолмерген
Елі мен жері үшін өмірін арпалыста өткізіп, сол жолда жанын пида еткен жаужүрек ұлдарын туған халқы ешқашан да ұмытпаған. Олардың аяулы есімдерін ардақтап, аңыз-жырға айналдырып, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруге тырысқан. Сондай ел есінде сақталған есіл ерлеріміздің бірі – Кейкі Көкембайұлы. Батырдың бейнесі артындағы ақарлы-шаһарлы жұртымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кешегі кеңес дәуірінде солақай саясаттың салқынымен ғылыми зерттеулерден алынып тасталғаны ...
Толығырақ »Өр Торғай – ерлік мекені
немесе тарихқа тағзым сапары Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан атты мемлекеттің егемендігін мойындағанына ширек ғасыр. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз, тарих орнатқан әділеттілік, біздерге берілген зор мүмкіндік әрі әрқайсымыздың мойнымызға артылған үлкен жауапкершілік. Екі тізгін, бір шылбырын қолына алып, дербес саясатын жүргізген азат Қазақ мемлекеті Ұлы Дала төсінде заманға лайық, зайырлы, тұтастықты ту еткен Мәңгілік Елдің іргетасын қалады. Алайда, бұл бір күнде ...
Толығырақ »«Көзкөрген» қамшы
Біздің үйдің төрінде қамшы ілулі тұрады. Оны көргендер «баяғының қамшысы екен-ау» деп қояды. Әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Кәдімгі алты таспа етіп өрілген, даланың қызыл торы тобылғысымен сапталған, ақ таспамен оралған қарапайым қамшы. Бірақ жай қамшы емес ол. Мен көрмеген аталас туыстарым мен әкелерім тұтқан қамшы. Қай жылы өрілгенін анық айта алмаймын, бірақ 1937 жылдан бұрын болған қамшы. Қазақтың қағидасында ...
Толығырақ »Қостанайда «Сқладсқая» деген көше бар
«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастары Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасымен бірігіп қала көшелеріне рейд жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны, ең көп кездесетін қате, әдеттегідей, «Дукен» сөзі екен. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады. Ең сорақысы сол, қостанайлық «тіл жанашырлары» «Складская» деген көше атауын өздерінше қазақшалап, «Сқладсқая» деп бадырайтып жазып қойыпты… Күлесің бе, жылайсың ба?.. kstnews.kz
Толығырақ »Қостанай облысының атауын өзгерту қажет
Қостанай облысының атауын Торғай облысы деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын. Торғай — тарихи атау. Қостанай облысы дегеннен гөрі Торғай облысы десек, күшті естіледі. Облыстың көп бөлігін Торғай даласы алып жатыр. Қостанай да бөтен емес, торғайлықтардың қонысы, жайлауы болған жер. Торғай деп атасақ, «Қостанай», «Торғай» деп бөлінуді қояр едік. Облыстың қазақылануына септігі тиеді. Қостанай мен орыс егіз ұғымға айналған сияқты. Қостанай ...
Толығырақ »Дәуірді жеңген діндар
(Дін жолында қуғын көріп, мехнат шеккен молда Аймұхаммедтің (Аймағанбет) рухына арналады) Күн зулап, жылдар сырғып, ауса ғасыр Тарихқа айналады қаншама сыр. Бағасы кеміп, бірақ, құнын жоймас Уақыттың түнегінде қалса да асыл. Жырласам асып туған асылдарды… Рухы самғар келер ғасырларда. Қасқайып қарсы тұрып заманына Емендей иілмеген хас ұлдарды. Замана шашса-дағы зәһарын мың, Жігерін мұқалта алмас баталы ұлдың. …Атағы ...
Толығырақ »«Қолмен жұмыс жасайтындардың олимпиадасы» немесе қазақ балалары арасынан әйдік аспаз шықса, айып па?
Кеше елордадағы Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру және жалпы ұлттық еңбек қоғамын қалыптастыруға қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған шараның өз ерекшелігімен есте қалатыны анық. Еліміздің 16 аймағынан елорда төріне жиналған 140 байғау қатысушысы чемпионатта ...
Толығырақ »Қара шелек
(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz