Сенатор Әли Бектаев еліміздің Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Торғай өңірін дамытудағы өзекті мәселелер туралы жария етті. Онда көлік қатынасының нашарлығы, инженерлік коммуникацияның әбден тозуы, медициналық мекемелерге дәрігерлердің жетіспейтіні және т.б. мәселелер айтылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Депутат сенаторлардың Қостанай облысындағы Амангелді және Жангелді аудандары мен Арқалық қаласына сапары кезінде азаматтар айтқан өтініштер осы сауалға себеп болғанын атап өтті. ...
Толығырақ »ganibet
Қостанай облысы әкімдігі «Тобыл» футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлген
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лоттың сипаттамасына сүйенсек, аталған сома «Қазақстан футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылы облыстық футбол командасының негізгі, қайталама құрамын ұйымдастыруға және дайындауға және олардың футболдан республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге» бөлінген. Тапсырыс беруші – Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру ...
Толығырақ »Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Құмар Іргебайұлын облыс активіне Премьер-министр Әлихан Смайлов таныстырды. Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері. 1989-1991 ж.ж. — ...
Толығырақ »Мұхамбетов қала, аудан әкімдерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 жыл — облыс фермерлері үшін сәтті өтті-дәнді дақылдардың жалпы өнімі 5 млн.600 мың тоннадан асты, майлы дақылдың 470 мың тоннадан астамы жиналды. Биылғы 10 айда Ауыл шаруашылығы саласындағы нақты көлем индексі 138,6% -. құрады, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Бірінші мәселе — ауыл шаруашылығы (қарақұмық ...
Толығырақ »Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының еңселі ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент, алдымен, музейдің «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы жәдігерлермен танысты. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде қызы Шолпанның отбасымен бірге 1934-1937 жылдары тұрған. Музей-үйі ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы өртке кінәлі болуы мүмкін бірнеше күдікті анықталды — министр
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ. Қостанай облысындағы өртке оранған аудандарға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда, — деді Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан соң. Еске салайық, қыркүйекте Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман өртке оранып, салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын ...
Толығырақ »Рудный әкімнің орынбасары «cұмырай» деген сөзі үшін жұмыстан кетуі мүмкін
Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік қызметкеріне айтқан балағат сөздері үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап. Балағат сөздер әкімдік ғимаратын күтіп ұстауға жауапты комендант әйелге айтылған. Әкімдікте кіру және шығуды қадағалау үшін арнайы рұқсат қағаз арқылы өтетін бақылау жүйесі орнатылған. Дереккөздің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары бұл бақылау жүйесін айналып өткен. 28 қыркүйекте де ол бақылау жүйесін ...
Толығырақ »«Септиктер қарастырылмаған»: Әулиекөлде жаңадан салынған үйлерді су басты
Қостанай облысы әкімдігі Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккендер алған үйлерді су басып қалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, жобада өрттен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлерге септиктер салу қарастырылмаған. Дегенмен, салынған үйлер ылғалдан қорғалған және су басу қаупі жоқ деп сендірді ол. Әулиекөл ауданындағы өрт салдарын жою аясында зардап ...
Толығырақ »«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті
Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. ...
Толығырақ »Қостанайда жаңадан салынған аялдамалар құлап жатыр
Қостанай қаласында жуырда ғана салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына төтеп бере алмай құлап қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап. Сайттың жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған. Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан ...
Толығырақ »