ganibet

Рудныйда 70-тен астам студент колледж асханасындағы тамақтан уланып қалды

Қостанай облысы Рудный қаласындағы колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланып қалды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы студенттердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  Ведомство мәліметінше, Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханадағы тамақтан уланған. Жүрек айну сынды белгілерді байқаған студенттер жаппай ауруханаға жүгіне бастаған. Алайда 10 студентке медициналық көмек қажет болған. Олар ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары негізінен ...

Толығырақ »

Митинг мәдениеті

(Жиыннан кейінгі ой) Торғайлықтар митинг өткізді. Жалпы, Торғай жерін айтқанда, өңір тарихының айшықты тұстарына, ел азаттығы мен рухани озаттығы үшін жанын пида етіп, терін төккен тұлғаларына қарап, «киелі топырақ» деген теңеу қоса айтылуы бекер емес. Басқаны былай қойғанда, бұл теңеу сол топырақта туғандарға қосымша салмақ жүктеп, соған лайық болуға ұмтылдыратынын кешегі митинг те көрсетті. Талай митингке барып, түрлі жайлардан жүрегі ...

Толығырақ »

«Торғай облысы ашылсын!»: Елордада бейбіт митинг өтті (ФОТО, ВИДЕО)

17 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы цирк алаңында бейбіт митинг өтті. Онда жиналғандар Үкіметтен Торғай облысының ашылуын талап етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.    Видео журналист Бақытнұр Әлібай жүргізетін TIEK-арнасыныкі. 

Толығырақ »

Биыл облыс спортын дамыту үшін 12,8 млрд теңге көзделген

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушыларды және «Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары» конкурсының лауреаттарын марапаттады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өңір басшысы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 47 үздік спортшы мен жаттықтырушыға ақшалай және естелік сыйлықтар тапсырды. Олардың ішінде 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының 11 қатысушысы да бар. Сондай-ақ Мәдениет және спорт ...

Толығырақ »

Қостанайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай дөңгелек үстел өтеді

Бүгін сағат 11:00-де Қостанайдағы Жастар сарайының конференц-залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Дөңгелек үстел жұмысына сарапшылар кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орындарының белсенділері, оқытушылар, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, мұражайлар, Мәдениет және Білім басқармаларының өкілдері және т.б. қатысатын болады. Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысы Марат Жұрқабаев ашады. Философия ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы ...

Толығырақ »

Торғай өңірі мемлекеттің ерекше қамқорлығына зәру – Берік Әбдіғалиұлы

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы facebook-парақшасында осылай деп жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   Арқалық және Торғай өңірінің дамуына байланысты арнайы кешенді жоспар қабылдануы қажет! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы ұсынысын халық зор ықыласпен қабыл алды. Осы орайда 90-жылдары облыс мәртебесінен айырылған Торғай өңірі де ескерусіз қалмауы керек. Осыған ...

Толығырақ »

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент ...

Толығырақ »

Мәжіліс депутаттары Қостанай өңірін аралап жүр

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласында болып, әлеуметтік нысандарға барды деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Заманауи  жабдықталған  қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады. Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын жастарға жол ашып отыр. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет-мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысының ПД кадрлық өзгерістер болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ербол Бектұров тағайындалды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. Бектұров Ербол Еркебұланұлы 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Ішкі істер органдарында 1997 жылы тергеуші қызметін бастады. Петропавл ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендетуді тапсырды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігі мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізілуде. Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың шартты мал басы бар. Оларды жаю үшін ...

Толығырақ »