27 шілде күні Токио Олимпиадасында бірнеше отандасымыз жарыс жолына шығады. Олардың арасында жерлесіміз — Қостанай облысы Федоров ауданының тумасы, даңқты боксшы Василий Левит те өнер көрсетеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап. Дзюдодан Олимпиаданың төртінші жарыс күні өтеді. Қазақстан атынан 81 келіде түркістандық Дидар Хамза бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы — әлем чемпионы Моңғолия атынан қатысатын Саид Моллаеи. Дидар ...
Толығырақ »ganibet
Торғайлық бойжеткен республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
«Assyltas» қоғамдық қоры ұйымдастырған «100 өлең» республикалық байқауынының қорытындысы шықты. Торғай өңірінің тумасы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп түлегі Жанмұрат Ақерке Жанмұратқызы (Есенқызы) жеңімпаз деп танылып, Lada Granta көлігіне ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қуанышты жаңалықты Абай Қасым есімді Фейсбук қолданушысы бөлісті. «Құрметті торғайлықтар, сүйінші хабар! Алматы қаласында бүгін алты сағатқа созылып өткен республикалық 100 өлең байқауының бас жүлдесін Ш.Уәлиханов атындағы орта ...
Толығырақ »Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр
Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...
Толығырақ »«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін
21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, ...
Толығырақ »Директордың талабын орындамақ болған қостанайлық мұғалім опық жеп қалды
Қостанайда денсаулығына байланысты вакцина салдыра алмайтын мұғалім жалған анықтама сатып алып, кейін емханаға шағымданды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мектеп мұғалімі бастығы вакцина паспортын сұратып жатқанын айтып, танысына мұңын шаққан. Әйел гипертония және демікпемен ауырады. Оған жекеменшік зертханада медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені туралы анықтаманы алу қызметі 120 000 теңге тұратынын айтқан. «Танысы мұғалімге анықтаманы 20 мың ...
Толығырақ »Қостанай облысында көлік құрастырудың әлеуеті артады
Қостанай облысында Lada автокөліктерінің барлық моделі шығарылып, сондай-ақ, КамАЗ жүк көлігінің жаңа үлгісі құрастырылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілі Денис Пак Қостанай өңіріндегі өндірістік кооперацияның әлеуетін барлап көріпті. Үкіметтің баспасөз қызметі отандық зауытта көліктерге қажет шанақ өндірісінің технологиясы игеріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Роман Скляр КамАЗ компаниясының бас директорымен бірге жаңа ...
Толығырақ »Халықтың 80%-ы қазақ тілінде ақпарат алғысы келеді – министр
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында министр Аида Балаева мемлекеттік органдарды қазақ тіліндегі ақпараттарға баса мән беруге шақырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес, барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша анықталған уәкілетті тұлғалар осы мәселелерді бақылауда ұстауы тиіс. Демек, олардың тарапынан тиісті түрде мониторинг, үйлестіру және бақылау жүзеге асырылмайды. Бүгін мемлекеттік ...
Толығырақ »Шабындығы өртенген Арқалықтың шаруалары шөпті көрші ауданнан тасуға мәжбүр
Қостанай облысында мал азығын әзірлеу науқаны кезінде күрделі мәселелер туындап тұр деп хабарлайды ЭК. Биыл Арқалық қаласына қарасты ауылдық округтерде өрт өте көп болды. Жаз басталғалы 10 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің шөбі түгел жанып кетті. «Дала өрті, әсіресе, Қайыңды, Жаңақала, Екідің, Ашутастының аумағында өршіді. Бұл елдімекендердің негізгі күнкөрісі төрт түлік. Шабындығы түгелімен өртеніп кеткен шаруашылықтар да бар. ...
Толығырақ »«Вакцина алмаған студенттер сабаққа кіргізілмейді»: Қостанайдағы ЖОО мәтіннен қате кетті деп отыр
Биыл 9 шілдеде академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті өздерінің тарапынан жіберілген SMS тарату мәтінінде қате кеткенін растап отыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Осыған байланысты бүгін SMS таратуды қайта жіберу іске қосылды. «ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде бірінші ...
Толығырақ »Қостанай облысында сібір жарасы өршіп кетті
Қостанай облысында Сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындады. Ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде малдар қырылып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оның айтуынша, өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында үш тұрғын ауруды жұқтырып алған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Мамандардың ...
Толығырақ »