Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...
Толығырақ »ganibet
Қостанайда әкімдік қызметкері әскерге шақыртуды кейінге қалдыру үшін 400 мың теңге сыйақы алған
Қостанай әкімдігінде бөлім басшысы азаматтан әскерге шақыртуды кейінге қалдырам деп ақша алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық сотқа сілтеме жасап. Қостанай облыстық сотының ресми сайтында хабарланғандай, № 2 қалалық сотта «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта азаматтың міндетті әскери қызметке шақыруды ...
Толығырақ »Арқалықтағы ауруханада болған төбелестің видеосы тарап жатыр
Әлеуметтік желіде Арқалықтағы ауруханалардың бірінде келуші мен дәрігердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Бейнежазбадан жанжалдан кейін медициналық мекемеге келген адам дәрігерге жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Дәрігер де төбелесе жөнелген. Оларды кабинеттегі адамдар ажыратқан. Жазбада видеода түсірілген жағдай Арқалық ауруханасында болғаны айтылған. Бұл жағдайға Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді. Полицейлердің ...
Толығырақ »Қостанайда павлодарлық ер адам шіркеу заттарын ұрлаған
Қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ...
Толығырақ »Қостанай әуежайы тағы да сатылымға шығарылмақ
Биыл Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. Әуежай бұған дейін екі рет аукционға шығарылып, қожайынын таппаған болатын. Айталық, соңғы рет 2018 жылы Қостанай әуежайы аукционға қойылғаны есімізде. Осыдан кейін әуежай республикалық баланстан алынып, Қостанай облысы әкімдігінің меншігіне берілген-ді. Әкімдік әуежай ғимарат мен ұшу-қону жолағын да жөндеуді бастаған болатын. Қаржы басқармасының ...
Толығырақ »Арқалықта екі жыл бұрын ашылған тері илеу кәсіпорны жұмысын тоқтатты
Арқалықта тері илеу зауыты мен былғары өнімдерін шығаратын тігін цехы жұмысын уақытша тоқтатты. Соның кесірінен қырыққа жуық адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Qostanai.media-ға сілтеме жасап. Айта кету керек, тері илеу зауыты Осыдан екі жылдай бұрын ашылған. Ұзақ жылдар тоқырап тұрған Арқалықтағы тері илеу зауыты қайта жанданғанда жергілікті халықтың қуанғаны рас. Босқа ысырап болып жатқан мал терісін пайдаға жаратар күн ...
Толығырақ »Қарабалықта әкімдік қызметкерлері 13 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Осылайша, кәсіпкерлік бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Енді кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға ...
Толығырақ »Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов
«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өз аузынан естіді. Сапар барысында облыс басшысы қаланың бірқатар өмірлік маңызы бар нысандарын аралап, қала активімен кездесу өткізді. Атап айтқанда облыс басшысы Арқалықта жаңадан іске қосылған жел электр станциясы, қала орталығынан Арқалық педагогикалық институтына арналып құрылысы жобаланып ...
Толығырақ »«Шұңқырды қоршамаған»: Қостанай облысында қауіпсіздік ережесін бұзған бригадир сотталды
Қостанай облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған ЖШС бригадирі сотталды, деп хабарлайды Alau.kz. Қылмыстық іс Бейімбет Майлин ауданының сотында қаралды. Сотталушы С. абайсызда адам өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ЖШС бригадирі сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот «Бейімбет Майлин ауданының Майское ауылындағы су құбыры мен тарату желілерін қайта жаңарту» объектісінде сотталушының шұңқырды қоршаумен ...
Толығырақ »Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Primeminister.kz жазды. Облыс әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өнеркәсіп, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Үкімет басшысының 2022 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ...
Толығырақ »