ganibet

Арқалық алысқа қарайды: Қала қалай дамып жатыр?

Биыл Арқалық қаласында бірнеше жұмыс орны құрылып, өңір экономикасы айтарлықтай дамитын болады. Атап айтқанда, өнеркәсіп секторын дамыту үшін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық үш инвестициялық жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы қала әкімі Әмірхан Асанов Қостанай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ықыласы мен ниетіне жаратушы бір Алланың ықыласынан болар, әр жылдары астық мол болып ел тоқ, тыныш күндер өтіп жатқан. Ауыл-ауылдың алыс-жақындығына қарамай аралас-құралас болып, алыс-беріс, сауда-саттық ретке келіп, мал басы да өсе түскен еді. Бұндай тыныш, жақсы жағдай тікелей анамыз Дәулетбикенің ақылы, дұрыс жолға бастап ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-8

Расында ініміздің бұл сөзі үлкен ойлануды қажет етеді. Ол жөнінде бәріміз жан жақты ойласып шешкеніміз жөн сияқты. Осы жөнінде асығыстық жасамай сабырмен салмақтап, ақыл таразысына салып, өлшеп, пішіп шешкеніміз жөн деп ойлап, сіздердің де ақыл қосқандарыңызды қазірдің өзінде қалаймын. Шындыққа бәріміздің көзіміздің жетіп отырғаны анық. Сондықтан, шындықтан жалтармай, ойымызды ашық айтайық. Осы жағын ескеретін болыңыздар, — деп Жанаға інілеріне салмақ ...

Толығырақ »

Аманкелді батыр хақында: Сексен жыл бұрынғы жазбалар

Биыл 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Жалпылай алғанда Аманкелді батырдың тұлғасы мен оның көтерілісі кеңестік дәуірде, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында да көп зерттелді һәм ұлтымыздың жауынгерлік рухы ретінде дәріптелді. Оның бір айғағы – жуықта Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауданында батырдың мерейтойы кең көлемде аталып өтті.  Осы орайда, біз мына ...

Толығырақ »

Қарасу ауданы тұрғындарының сібір жарасын жұқтырғаны рас па?

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған адамның қорқынышты кадрларын таратып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде Қарасу ауданында адамдар сібір жарасына шалдыққаны туралы виедо тарады. Ауданда блокбекеттер орнатылып, ІҚМ-ді өртеп жатқаны айтылған. Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ облыс әкімдігі Ветеринария басқармасының «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» КМК бұл деректі растамады. Қарасу ауданының аумағы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, ...

Толығырақ »

Ерлан Жаулыбаев Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды

Ерлан Жаулабаев Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев 1978 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2017 жылы Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылдың маусымынан Қостанай бизнес және басқару колледжі ...

Толығырақ »

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ұстаз Аятжан Ахметжанұлы өзінің facebook-парақшасында жазды. Міне, біздің оқу ағарту министрлігінің жұмысының тағы бір «керемет нәтижесі!» Қостанай облысында 454 мектеп бар. Оның 112-сі ғана қазақ тілінде, 227 мектеп таза орыс тілінде, 115 аралас (орыс және қазақ тілінде оқытатын) мектеп бар. Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза болған, тағы 3 адам Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға шыққан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемеген және жол қозғалысы жабылған технологиялық учаскеге шығып кеткені анықталды, — деп жазылған Telegram-арнада. ...

Толығырақ »

Әулиекөлдегі өрт: орман шаруашылығының экс-директоры сот залынан босатылды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ірі өртке қатысы бар деп айыпталған «Басаман» орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды, деп «Қостанай жаңалықтары» басылымы. Еске салайық, айыптау актісіне сәйкес, 2020 жыл — 2022 жылдың қыркүйегі аралығында орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашев лауазымын пайдаланып, жекеменшік иелеріне өрт тұтану қаупі жоғары кезеңде ағаштарды рұқсат құжаттарсыз кесуге мүмкіндік берген. Сол үшін 15 млн теңге көлемінде сыйақы ...

Толығырақ »

Сенаторлар Қостанай облысын дамыту мәселелерін талқылады

Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі түйткілдер талқыланды, деп хабарлайды Aikyn.kz. Сенаторлар облыс әкімімен және өңірдің мәслихат депутаттарымен бірге бірқатар кездесу өткізіп, азаматтардан келіп түскен маңызды мәселелерге назар аударды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін тілге тиек ...

Толығырақ »