Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні Науырзым ауданының Қожа ауылында болған деп хабарлайды Қазақпарат. «Сағат 15.00 шамасында арнайы жабдықталмаған жерде 9 жасар бала суға батып кетті. Қазіргі мәлімет бойынша, ол ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасы маңында ойнап жүріп, сәлден соң суға түскен. Қалған мәліметтер анықталып жатыр» делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды, өзенге, ...
Толығырақ »ganibet
«Цифрлық Қазақстан»: Бағдарламаның орындалуына 3,5 млрд теңге бөлінді
Қостанай облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына 3,5 млрд теңге қаражат бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігінде өткен жиында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңеске ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысты. «Біздің облыс цифрландыру жобалары бойынша республикадағы үздіктердiң бірі саналады. Осы арқылы экономика саласы едәуір ...
Толығырақ »Армениядан әкелінген көліктерді қайда тіркейді?
Қостанай облысының полициясы Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге арналған «Шұғыл желі» құрды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен, Армениядан әкелінген көлікті уақытша тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-708-475-38-29; 8-7142-75-38-29. «Шұғыл желі» 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандар көлікті қалай уақытша тіркеуге болатынын және аталған қызметтің құнын айтады. «ҚР Үкіметі 2020 ...
Толығырақ »Қостанайлық жігіт терезеден құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды
Қостанай қаласында көшеде кетіп бара жатқан жігіт терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында Қостанай-2 шағын ауданында болған. Видеоны Instagram қолданушылары әлеуметтік желіге жүктеген. Ер адам екінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған сәбиге газ құбыры арқылы көтерілген. «Бәріміз аулада жүрген едік. Кенет үйдің екінші қабатындағы терезеге шығып кеткен баланы көрдік. Сол ...
Толығырақ »Қостанай облысында қолдан құжат жасаған полицейлер қамалды
Сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған Қостанай облысының тәртіп сақшылары қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедычтың мәліметінше, Алтынсарин ауданында полиция бөлімінің жедел уәкілдері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған құжат жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. «Олар полиция бөліміндегі ұрлықтарды ашу бөлімшесінің жұмыс нәтижесін асыра көрсету мақсатында сотқа дейінгі тергеу ...
Толығырақ »«Birgemiz»: Түркістан облысы Қостанайға 18 тонна қырыққабат жеткізді
Республикалық «Birgemiz» акциясы аясында Қостанайға Түркістан облысынан 18 тонна қырыққабат жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының облыстық филиалына сілтеме жасап. Түркістан облысындағы жағдайға байланысты қостанайлық кәсіпкерлер Мақтаарал ауданына көмек ретінде 20 тонна ұн жіберген болатын. Гуманитарлық көмекті жеткізуге жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлді. Кәсіпорын қоймаларында партияның волонтерлері мен белсенділері ұн тиеп, діттеген мекенжайға жеткізді. «Қостанай облысынан барған ...
Толығырақ »Биыл Қостанай облысында 3 мектеп салынады
Биыл облыстағы білім беру мекемелерін жөндеуге бюджеттен 13,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. Осы жылы өңірде 3 мектеп салынып, 30 білім ғимаратына күрделі, 102 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жобалар негізінен «Ауыл — Ел бесiгi» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы қаржыландырылмақ. «Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 7,4 млрд теңге қарастырылған. ...
Толығырақ »Қостанай облысының санитарлық автокөлік паркі жаңарады
Қостанай облысында санитарлық автокөлік паркін жаңарту бағдарламасы жалғасуда. Биыл жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл жедел жәрдем қызметі үшін 50 реаномобиль сатып алынады. Ол үшін бюджеттен 2 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. «Санитарлық автокөліктер осы жылдың қазан айына дейін алынады. Бұл көліктер жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік жасайды. Барлық автомобильдер Денсаулық сақтау министрлігінің стандартына сай әрі ...
Толығырақ »Қостанайда автобус жолаушыларына бетперде таратылды
Қостанайлық полицейлер «Большевичка» фабрикасының қызметкерлерімен бірге қоғамдық көлік жолаушылары мен көшедегілерге 500 маска таратты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысында төтенше жағдайлар режимі алынып тасталғанымен, карантин шаралары жалғасуда. Облыстың бас санитарының қаулысы бойынша, қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге болмайды. Сол себепті «Большевичка» тігін фабрикасы тұрғындарға арнап арнайы бетперделер тікті. Осылайша, тәртіп сақшылары мен фабрика қызметкерлері аялдамалар маңындағы 500 тұрғынға маска таратты. ...
Толығырақ »Қостанайда экология бөлімінің басшысына қатысты іс тергеліп жатыр
Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экологиялық реттеу бөлімінің басшысына қатысты іс тергелуде деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы жеке кәсіпкерден 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алған деген күдікке ілініп отыр. Ол қоршаған ортаны ...
Толығырақ »