Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 20 маусым күні Федоров ауданында тұратын 8 жасар бала үйінен шығып, содан қайтып оралмаған. «ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік сақтаңыздар», — деп ескертті ведомоствоның баспасөз қызметі.
Толығырақ »ganibet
Қостанайда балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырған
Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. «Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі» делінген департамент хабарламада.
Толығырақ »Торғай даласынан «Алтын адам» табылды
Торғай даласынан сақ дәуіріне жататын «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды. Археологтар мұндай көне жәдігер бұл өлкеде алғаш рет кездесіп отырғанын айтады. Яғни, аймақтың тарихы үшін «Алтын адам» табылғанымен бірдей. Қос өзен тоғысып, жазық пен тау сілемдері түйіскен тұс – көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқсайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Қазба жұмыстары 2017 жылы басталыпты. Содан бері төрт ...
Толығырақ »Қостанай облысының волонтерларына Елбасының Алғыс хаты тапсырылды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Biz Birgemiz» республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсеткен белсенді волонтерлерді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанатты шара барысында аймақ басшысы Jas Otan Жастар қанатының волонтерлерінің еңбегін атап өтті. Өңір басшысы айтқандай, 9 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, маска және әлеуметтік маңызы бар тауарлар жеткізілген. Архимед Мұхамбетов Қостанайда игі іспен ...
Толығырақ »Қостанай облысының жолдарына блокпосттар қойылып жатыр
Қостанай облысының трассаларына блокпосттар орнатылуда деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрғындар облыс периметріне қойылып жатқан блокпосттардың фотоларын әлеуметтік желіде жариялауда. Блокпосттардағы полицейлердің айтуынша, әзірге Қостанай — Рудный және Қостанай — Әулиекөл тасжолында блокпосттар қойылған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін өңірлік жедел штабтың отырысы өтеді. Еске салсақ, Көкшетауда карантин қайта күшейтіліп, қала сыртына 7 блокпост, сондай-ақ, СҚО-да коронавирус инфекциясы табылған аудандарға блокпост ...
Толығырақ »Қостанай облысында карантин режимі күшейтіледі
Облыс әкімдігінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиын барысында Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын атап өтті. Карантиндік шараларды сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ, облыс аумағында КВИ індетінің өсуін ескере отырып, жедел штаб осы жылдың 18-30 маусым аралығында шектеу шараларын ...
Толығырақ »Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?
Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар. Олар маска кию, қолды антисептикпен өңдеу секілді негізгі талаптарды орындамай отыр. Елорданың кейбір қоғамдық орындары да шектеуге шекесінен қарайтындай. Егер бұлай жалғаса беретін болса, елордада карантин күшейтілуі мүмкін. Мұны біз емес, ...
Толығырақ »COVID-19: Індет Торғайға да жетті
Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап. 8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді. Сондай-ақ, коронавирустық ...
Толығырақ »Пандемия және праймериз
«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз ...
Толығырақ »Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Зұлмат жылдар туралы зерттеумен шектелмей, насихаттау да қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуіне қатысты қоғамның белгілі тұлғалары пікір білдіріп жатыр. Солардың қатарында қазақстандық тарихшы-ғалым, профессор, Халықаралық Түркі академиясының президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі де бар. «1992 жылы арнайы комиссия құрылып, өте нәтижелі жұмыс істеді. Алаш арыстарының көпшілігі ақталды, көптеген кітаптар шықты. ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz