Қостанай облысында 81 медицина қызметкері індет жұқтырған

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі ахуал туралы хабарлады.

Әкімнің айтуына қарағанда, Қостанай облысында COVID-19 вирусына қарсы жүйелі шаралар қолданылып жатыр. Биыл 8 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 625-сі – симптомдық, 578-сі – симптомсыз. Ал 359 науқас ауруынан жазылып шыққан.

«Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің 6 жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың 56% профилактикалық зерттеулер жүргізу барысында ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Науқастардың дені медициналық мекемелерге өздері жүгінген кезде анықталған. Медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары алаңдатады. Қазіргі уақытта осындай 81 оқиға тіркелді. Оның ішінде 26 дәрігер, 55 орта және кіші буын медицина қызметкері бар. Ондағы 7 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатысқан» деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ Архимед Бегежанұлы өңірде коронавирус инфекциясының диагностикасы 5 зертхана базасында («Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертханалары, «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті базасындағы зертхана) жүргізілетінін айтты. Жалпы мұнда тәулігіне 2000-ға жуық тест алынады. Осыған дейін зертханаларда барлығы 46 мыңға жуық зерттеу жүзеге асырылған.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *