Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құрылыс алаңдарына барды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңір басшысы «Kostanay Plaza» сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс алаңының көлемі – 68 мың шаршы метр. Қазір мұнда нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. «Орталықта бассейн, монша және сауна ашылады. Жобаны тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ екенін атап өткім келеді. Одан әрі «Қонай» шағын ...
Толығырақ »ganibet
118 млн теңге: 1 млн-нан астам масканы заңсыз алып өтушілердің жолы кесілді
Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Таяуда, дәлірек айтсақ, 1 мамырда Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін тоқтатқан. Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың ...
Толығырақ »Комиссия қорытындысы: Арқалықтағы кейуананың өлімі коронавирустан болмаған
Қостанай облысының Арқалық қаласында қайтыс болған науқастың өлімі коронавирустан болған жоқ. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия тұжырымында осылай делінген деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, Арқалық қаласында коронавирус анықталған 84 жастағы кейуана өз үйінде көз жұмған болатын. Сoronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 27 сәуір күні науқастың өлімі коронавирустан не басқа сырқаттан болғанын анықтау үшін комиссия өткізілді. «Зерттелген медициналық құжаттамаға ...
Толығырақ »Мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)
Режиссер Қанағат Мұстафин facebook парақшасында сәбилерге тіл үйрету мақсатында түсірілген «Жанәділ» деген мультфильмнің сорақылығын атап көрсетті деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. «Мына масқара мультфильмді көргендерің бар ма? Әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүр. Бұны жас балаларға танымдық деп көрсетіп жатыр. Тілді үйрету деп қояды… Бұл тілді үйрету үшін емес, қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрпына тікелей шабуыл жасап, күйрету мақсатында жасалған. Жою керек барлық ...
Толығырақ »КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙДІ
Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Әбдісағит Тәтіғұлов жөнінде Бұл азамат жөнінде кезінде республика баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Өйткені, оның қазақ сәулет өнерінде, құрылыс саласында, ғылымында алар орны ерекше-тін. Атақты сәулетші сұлу шаһар Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жобасы үшін бір топ авторлармен бірге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Иә, Әбдісағит Тәтіғұловтың сызған негізгі жобасы бойынша көркем де сұлу Алматы шаһарындағы тұрғызылған көп ...
Толығырақ »Қостанай облысында 3 мың адам азық-түлік себетін алды
Қостанай облысында 3000 адамға азық-түлік себеті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан #Birgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов дәрігерлерге медициналық заттарды табыс етті. Облыс дәрігерлері жалпы сомасы 35 млн теңге болатын 7 мың арнайы KN95 кәсіби маскасын, 3 мың бір реттік қорғау костюмдерін және 120 ...
Толығырақ »Ауа райы болжамы: Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі
Синоптиктер 29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райы бұзылады деп болжайды. Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, ...
Толығырақ »Бразилия коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін — ғалымдар
Сан-Паулу ғалымдары Бразилияның коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News.ru басылымына сілтеме жасап. Ғалымдардың мұндай шешімге келуіне президент Жаир Болсонарудың коронавирусқа қатысты мәлімдемесі себеп болған. «Бізде пандемияның жаппай таралуы үшін барлық жағдай жасалған» дейді Сан-Паулу университетінің вирусологы Пауло Брандао. Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 67 446-ға жеткен. Ал қайтыс болғандардың саны — 4 603.
Толығырақ »Өңірде коммуналдық тарифтер қызметі арзандады
Алдағы күндері Қостанай облысында жылу беру маусымы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін өңір басшысы қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы қаралды. «Облыс аудандары жылумен қамтамасыз етуден ажыратылады. Жалпы ағымдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тіршілікті қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындар, облыстың әлеуметтік сала объектілері тұрақты ...
Толығырақ »Карантин режімі үш кезеңмен жеңілдетіледі — Архимед МҰХАМБЕТОВ
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтағы шектеу шараларын жеңілдетуге байланысты үндеу жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біздің облыста 3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталған жоқ. Бұл аз болса да оң нәтиже. Бұған біздің облысымыздың әр тұрғынының шыдамдылығы мен парасаттылығының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің әрқайсыңызға жеке жауапкершілікпен шектеуді сақтағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. ...
Толығырақ »