Таспа

ganibet

Қостанайда түнгі клубта қыздар жалаңаш билеген

Қостанай қаласындағы түнгі клубта болған сұмдық жайттың видеосы тарады. Желіде тараған видеода қыздар жұрттың көзінше тыр жалаңаш шешініп тастаған, деп хабарлады Azattyq Ruhy. Видеода түнгі клубтағы жас қыздардың тыр жалаңаш шешініп билеп жүргендерін көруге болады. Оқиғаға куә болғандардың барлығы смартфондарына түсіріп алған. Полиция департаменті хабарлағандай, видеоға қатысты барлық адам анықталған. Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полицияға 6 адам шақырылған. Оның ішінде ...

Толығырақ »

Астана-Жітіқара пойызы іске қосылады

Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты. 3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада. «Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген. Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-7

Аға, осыған дейін осы сөздеріңіз, айтқан ақылыңыз еске түсіп отыр. Не дерімді білмей қиналып отырған жағдайым бар. Әлі есімде, әй, айтқанды тыңда! Анау ақылсыз сендерді қиына шаншып кетеді деген едіңіз. Соның азарын ендігі жерде сендер көресіңдер, — деп айтқаныңыз әлі есімде! Ол ақылды тыңдар бізде ақыл да, сана да болмады. Соның айтуымен бар борышын арқалап,кем малын бар деп, мойынға алып ...

Толығырақ »

Қостанайлық әйел қала әкімінен 14 млн теңгедей қаражат өндіріп алды

Қостанайда 14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел қала әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл ретте Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-6

Өздеріңіз естігендей Сабыр ақсақалдың айтқан сөзі елдің амандығы, халықтың тыныштығы, сол жағы биліктің назарында болып көңіл бөлсе дегені. Оған себеп осы ауылда жылдан асып кетті бір фермадағы ірі қара шығынының себебін анықтап, кінәлі кім екенін айту қиынға соғып келеді. Сіздердің де маған қояр талаптарыңыз сөзді қой, айтқанды тыңда дегелі отырсыздар. Оны қазірдің өзінде сезіп отырмын. Маған совхоздың малы қымбат емес, ...

Толығырақ »

Тек қағаз жүзінде пайдалануға берілген: Арқалық ЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арқалық ЖЭО-ның қағаз жүзінде ғана пайдалануға берілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz. Бұл туралы қоғам қайраткері Дидар Смағұлов мәлімдеді. Маусым айында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Мәжілісте ЖЭО-ны қайта құруға жұмсалған 7.4 млрд теңге тиімсіз игерілгенін айтқан еді. Бірақ біз бұл туралы 2022 жылдың тамызынан бері Антикорға алғашқы үндеу жазылған кезден бастап дабыл қағып келеміз. Біз әкімдіктің ...

Толығырақ »

Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті

Қостанайдағы астық қоймасын найзағай жарып жіберді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады. Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді, — деп мәлім етті ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 30 шілдеде «Қостанай-Введенка» тасжолының 77-шақырымында «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-5

Осы кезде екінші бөлімшеде көптеген ірі қарадан шығын бар деп жасырын естіліп жатты. Ол жөнінде не айтар едіңіз? Солай естіліп жатқанын білеміз. Оған тікелей жоғарғы басшылар араласып, жабық ұстап келеді. Ол жөнінде ешқайсысы тіс жарып айтпай отыр. Сол себепті мені шеткері ұстайтын қалыптарын сезіп, олардың істеріне қатысым жоқ, аман тұрғанда жөнімді тауып, орнымды қалап жүрген адамға берейін де кетейін деп ...

Толығырақ »

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-4

Бұлай деуге себеп өздеріңіз көріп, сезіп отырғандай, сіздерді қимай уақытты соза түссем, бір қауіпті жағдайға ұшырап, қосақтың арасында қоса кетіп қалам ба деген қауіп. Әркімдердің аузынан көп еститін көргенді айтайын ба? Әлде естігенімді айтайын ба? дегендей сұрап барып айтсам деймін. Ол сіздердің таңдауларыңызда болсын деп едім, отырған көпшілік екеуін де естейік дегенді айтты. Олай болса, әңгімені көргемнен бастайын деуім осы ...

Толығырақ »