Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Ольга Шишигина, Құралай Қарекен Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары еліміз бойынша ең ірі мал бордақылау алаңы бар «Астық индустриясы» агрохолдингінің тыныс-тіршілігімен танысты деп хабарлайды egemen.kz. Айта кету керек, бүгінде бұл ірі серіктестікке бірнеше кәсіп нысаны кіреді. Сонын бірі — «Терра» ЖШС мал бордақылау алаңы. 2011 жылы алғаш рет Аустралия елінің «Абердин – ангус» тұқымын ...
Толығырақ »ganibet
Қостанай қаласының әкімі есеп берді
Қостанай қаласының жаңа әкімі Қайрат Ахметов бұл лауазымға ақпан айының 1-де ғана тағайындалған болатын. «Өткелде ат ауыстырмайды» дегенмен, қаланың бұрынғы әкімі денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша қызметтен кеткен. Сонымен, жаңа әкім қызметке келе сала үш күннен кейін қала тұрғындары алдында есеп берді. Қостанай қаласы — облыс орталығы ғана емес, өңір экономикасын алға сүйрейтін өндірістердің де шоғырланған орны. Есепті жылы қала ...
Толығырақ »Жастар неге «жұмақты» жат жұрттан іздейді?
Қазіргі таңда шетел асып, білім алу, жұмыс істеу қиын емес. Сондықтан шығар, кейінгі жылдары сыртқы көші-қон толастамай тұр. Әсіресе, жайлы өмір іздеген жастар жат жұрттан «жұмақ» іздеп, мұхит асып жатады. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл сайын 14-28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Сарапшылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ...
Толығырақ »«Тобыл» футбол клубы: футболшыларды сатып алмаймыз!
«Тобыл» футбол клубы легионерлерге жұмсалған қыруар қаржыны жоққа шығарды. Клуб директоры Николай Паниннің айтуынша, ойыншылардың ауыс-түйісі туралы БАҚ-та жазылған ақпараттардың дені шындыққа жанаспайды деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тобыл» ФК-ның сайтына сілтеме жасап. Жыл сайын мемлекет қаржысынан еліміздегі футбол командаларына қаржы бөлінетіні рас. Және ол команданың жетістіктерге жетуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Айта кету керек, көптеген маман өткен жылғы «Тобылдың» жетістігін қаржылық жағдайлармен байланыстырды, сонымен ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов: Жерді тиімді пайдалана алмағандар мемлекетке қайтаруы керек
Облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы өткен жылы жер заңнамасын бұзуға қатысты 231 деректі анықтаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде аталған басқарманың басшысы Нұржан Әбдуов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инспекторлар тарапынан әкімшілік жазалау ретінде 21,3 млн теңгенің айыппұлы салынған. Тексеру негізінен ауыл шаруашылық бағытына және коммерциялық нысандарға құрылыстың салынбауына қатысты жүргізілген. Нұрлан Әбдуов айтқандай, өңірде мемлекет меншігіндегі ...
Толығырақ »Абылай Маудановтың «Әбдіғапар» драмасы жүлдеге ие болды
Жерлесіміз — белгілі ақын, талантты қаламгер Абылай Мауданов «Нұр Отан» партиясының Жазушылар одағымен бірігіп ұйымдастырған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауынан жүлделі болды. Конкурстың «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі» аталымында автор «Әбдіғапар» драмалық туындысымен 3-орынды иеленді. Әріптесімізге құтты болсын деген тілек айтамыз! tobyl-torgai.kz Өткен жылдың соңында Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін бергені белгілі. ...
Толығырақ »Биағаңның есімі кітапханаға беруге сұранып тұр
Қостанайдағы Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға Би-ағаның атын беру керек. Қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды аяулы азаматтарымыз бір жылы туып, бір жылы өмірден өтті (1894 — 1938). Қатар туған жұлдыздар шын мәнінде ұлт әдебиетінің жұлдызына, ұлт руханиятының асқарына айналды. Биыл осы үш азаматтың туғанына — мерейлі 125 жыл! Көкейде жүрген бір ой: Сәкен атында Астананың қақ төрінде ...
Толығырақ »Қостанай облысының әкіміне қояр сұрағыңыз бар ма?
Биыл 22 ақпанда Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беруіне арналған қорытынды кездесуі өтеді. Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар 1 ақпанға дейін қабылданады: әкімнің blogs.egov.kz блогына, 8 (7142) 575-057 телефон бойынша, 917 тегін нөмірге SMS-хабарлама арқылы (Beeline байланыс операторы). Сондай-ақ оларды жабаша түрде Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекен жайына ...
Толығырақ »Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНЫҢ қалжыңдары
Бір орыс елінің қатыны… Cейіт Кенжеахметұлы Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдары «Қазақ тілі» қоғамының Торғай облысындағы филиалы төрағасы қызметін атқарды. Сол жылдары қоғамның үлкен жиналысы болып, жиналыста сөз алған Сейіт: – Біздің Торғай облысында Надежда Крупская атында совхоз бар, Н.Крупская атында мектеп бар, Н.Крупская атында көше бар, Н.Крупская атында дружина бар, Н.Крупская атындағы отрядтар бар. Бір жігіт ағасына ренжігенде «Бұндай ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, сондай-ақ Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңызды екенін атап өтті. – Қостанай облысының макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталып отыр. 2017 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 8,3 ...
Толығырақ »