Таным

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау –  еңбек үрдісінде адамның  қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі  мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық  сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі. ҚР еңбекті  қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады. «Еңбекті  қорғау» түсінігіне үш негізгі аспект енеді: Еңбек заңдылықтары – бұл өндірістегі еңбек қарым-қатынастарын, жұмыс ...

Толығырақ »

Стамбұлдағы Қыз мұнарасы қайта ашылды

Стамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз мұнарасы күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Стамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде ...

Толығырақ »

Түркия — әлемдегі «сүйікті бағыт»

Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өтткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы – RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың «Сүйікті бағыты» деген атауға ие болды. RSVP — түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойыларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ ...

Толығырақ »

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек. Облыс халқының саны – 864 500 адамды құрайды, бұл 2022 жылғы дерек, дегенмен, 1989 жылы облыс халқының саны 1 223 844 болатын, сонда, өңір халқы 30 процентке жуық азайған. Аумағы бойынша Қостанай облысы Оңтүстік Корея аумағынан да үлкен. Оңтүстік Кореяда 52 млн. халық тұратын болса, бізде жоғарыда айтқандай бар болғаны 864 500 адам қоныстанған. ...

Толығырақ »

Бестамақта жазылған беймәлім мақала: Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды

Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл ...

Толығырақ »

Торғайдың дәстүрлі қылқобыз орындаушылары туралы

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде көнеден жеткен қобыз аспабы киелі саналады. Қоңыр дауысты, тембрі бай, мұңлы-зарлы үні бар қобызды екінің бірі ойнай бермеген. Көп жағдайда жыраулар мен абыздар, бақсылар қолданған қобыз әдеттегі саз аспабы емес, бақсы-шамандардың құралы деген де пікірлер қалыптасқан. Қазақ арасындағы аңызда қобызды ойлап тауып, алғаш тартқан адам Қорқыт деп айтылады. Осы Қорқыттан қалған қобызшылық өнер Торғай өңірінде де ...

Толығырақ »

Ұлы Абай – би әрі дала заңгері

Кез келген халықта рухани және өнегелік ұстындары болады. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы қазақ халқының ой-санасындағы осындай іргелі ұстындардың бірі болып табылады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақын мұрасының өзектілігін нақты атап өтті. Ғалым-заңгер ретінде мен оның құқықтық идеяларына тоқталғым келеді. Абайдың 15 жасынан бастап сот талқылауларына қатыса бастағаны мәлім. 20 жасында от ауызды, орақ ...

Толығырақ »

Абайды алғаш танығандар

Биыл туғанына 175 жыл толатын данышпан Абай қазақ жазба әдебиетінің көгінде жарқ ете қалғанда, жер-жерде оның туындыларын майшаммен іздеп, жете танығандар, сөйтіп, ұлы ақын шығармалары туралы алғаш пікір айтқандар өз заманында аз болмаса керек. Осы орайда «Абайды алғаш таны­ғандар» деп тақырып қойған біз бұл мақаламызда тек Торғай өңірінен түлеп ұшқан – ұлы ақын­ның талантын мо­йындап, ба­ға­лаған үш тұлғаны алып, қа­рас­­тырып ...

Толығырақ »