Таспа

Пойыздарда тоңазытқышы бар вагондар пайда болады

2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. Яғни, жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес, ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, №75/76 ...

Толығырақ »

ЭКСПО-қалашықта робототехникадан ұлттық чемпионат өтеді

3-4 шілде күндері ЭКСПО қалашығындағы Конгресс-орталықта «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушысы қатысады деп хабарлайды ҚазАқпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына сілтеме жасап. Ұлттық чемпионат — WRO робототехника бойынша халықаралық кезеңнің іріктеу бөлімі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2014 жылдан бастап «World Robot Olympiad-тың» Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып ...

Толығырақ »

Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды

Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Alau.kz. ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеуді Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр. Басылымның мәліметінше, ...

Толығырақ »

Жанкелдин ауданында – жаңа әкім

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұханбетов жұмыс сапарымен Жанкелдин ауданына келді. Ең алдымен аудандық мәслихаттың депуттатарымен кездесті. Бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің міндетін атқарып келген Шота Оспанов Жанкелдин ауданы әкімінің кандидатурасына ұсынылды. Жергілікті халық қалаулылары бірауыздан қолдап, дауыс берді. Артынша Ғауез Торсанұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиын өткізіп, мекеме, кәсіпорын басшыларының және ауылдық округтар мен ауыл әкімдерінің алдында облыс ...

Толығырақ »

Пәтер сатып алуға қанша уақыт керек?

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға — 250,1 мың теңгеге дейін өскен. Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген, — деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.  Бұл туралы tobyl-torgai.kz inform.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды. Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы шаршы метріне қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын ...

Толығырақ »

Елордада 1 маусымнан бастап пойыздардың кестесі өзгереді

Елордада 1 маусымнан бастап пойыздардың кестесі өзгереді 2017 жылғы 18 мамыр 11:08 405 АСТАНА. ҚазАқпарат — Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың 1 маусымынан бастап пойыздардың жаңа кестесі бекітілді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Бұл туралы tobyl-torgai.kz inform.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і «Тұлпар-Тальго» жүрдек, 16-сы ...

Толығырақ »

Астанада пәтер жалдау ақысы аспандайды

Астананың риэлторлары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде сұраныс артатынына байланысты пәтерді жалға алу ақысын көтеруге дайындалып жатыр.Informburo.kz журналисі Астанада пәтерлерді тәулікке жалдау туралы бірнеше хабарландыруға мониторинг жүргізіп көрген екен. Бір бөлмелі пәтерді тәулікке жалға алу құны дәл қазір 10 мың теңге тұрады. Дегенмен риэлторлардың басым көпшілігі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтетін уақытта – 10-20 маусым аралығында Астананың Есіл ауданында ...

Толығырақ »

Қаржыны игермеген алты министрлік

Қаржының игерілмеуінің қомақты сомасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, 2016 жылы шығыстар 8 трлн 501 млрд теңгеге атқарылып, 98,3 пайызға игерілді. «Игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты: Қорғаныс министрлігі — 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі — 1,2 млрд ...

Толығырақ »

Ертең «Жұлдызды жол» олимпиадасы жол тартады

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалардың арасында «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасын ұйымдастырады. Дәстүрлі түрде өткізілетін қалалық бұл олимпиада 18 мамырда, яғни, ертең №79 «Шабыт» және №53 «Мерей» балабақшаларында болады деп хабарлайды www.tobyl-torgai.kz тілшісі. Олимпиаданың мақсаты — мектепке дейінгі ұйымдардың білім рейтингін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалды іс-әрекетке қызығушылығын ...

Толығырақ »

Қостанайда қаңғыбас иттер қауіп төндіруде

Қостанайда осы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында көше кезген 468 қаңғыбас ит ауланыпты. Соған қарамастан 100-ден астам адам дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Облыс орталығында қараусыз қалып, қала көшелерін торитын қаңғыбас иттерді аулау жыл өткен сайын өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр. Биыл қалалық әкімдік осындай адам өміріне қауіп төндіріп тұрған иттермен күресуге 6 млн теңге бөліпті. «Жылдың басынан ...

Толығырақ »