Дүниеге кедей болсаң Әкем Сейіт дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі: — Секе, дүниеге кедей екенсің ғой, — депті. — Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың – деп жауап берген болатын. Әкем өзі жинақтаған, бір ізге салып зерттеп, көпшілікке шын ықыласымен ұсынған халқымыздың салт-дәстүрінде қалжыңның түрлерін берген. Соның ішінде құрдастар қалжыңының үлгісін көрсетіп кеткендей… Құрдастар ...
Толығырақ »Түрпі
«Демократия дерті»
Арғы атамыз Ебелек батыр батырлығымен қоса аңқаулау кісі болыпты. Марқұмның сөзге ергіштігі жанда жоқ екен. «Аттан» десе арқасы қозып, айқұлақтанып шыға келетін ақкөз батыр — ажалды да албырт мінезінен тауыпты. Жаздың қоңыр кешінде жайлауға жыршылар келіп, «Қобыланды батырды» тыңдап отырмай ма, жыр айтушы Қобыландының «қырық үш күндік» кемшілігіне қарамай тайбурылды мініп, Қараманды қуатын жеріне келгенде, жарықтық аруағы қозып, орнынан «Аттан!» ...
Толығырақ »Кер сиыр мені қалай танымал етті?..
«Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоққа айналып кетпейді» деген қанатты сөзді қай данышпанның айтқанын есімнен шығарып алыппын. Білетінім – бізге мектепте соны айдай ақиқат деп үйретті. «Сайт» деген сайтан, «ғаламтор» деген ғаламат қолданысқа енгелі, аталған афоризмнің ақиқаттығы айқындала түскендей. Бұлай деуіме себеп – жақында әңгімесымағым сан-сапалақ сайттардың бірінде жарық көрді. Қысқаша мазмұны мынадай: Біздің үйде бір желіні сабадай сүтті ...
Толығырақ »Қостанайда «Сқладсқая» деген көше бар
«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастары Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасымен бірігіп қала көшелеріне рейд жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны, ең көп кездесетін қате, әдеттегідей, «Дукен» сөзі екен. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады. Ең сорақысы сол, қостанайлық «тіл жанашырлары» «Складская» деген көше атауын өздерінше қазақшалап, «Сқладсқая» деп бадырайтып жазып қойыпты… Күлесің бе, жылайсың ба?.. kstnews.kz
Толығырақ »Жасасын жемқорлық!
«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Дәл осының дұрыс сөз екеніне білдей бір университеттің журналистика факультетінің студенті атанған күні көзім жеткен еді. Сөзімнің сиқына қарап әкемді дөкейлердің бірі екен деп қалмаңыз. Жоқ, әкем әліпті таяқ деп білгенімен, саналы ғұмырының төрт жылын қозы бағып, қалған қырық төрт жылында қой баққан қазақ. Баяғы сапқоздың көп қойынан тігерге тұяқ қалмай, жұрт ...
Толығырақ »«Агая» мен «Ағай-ай»
Бала кезімде үнді киносын өліп-өшіп көргенімнің әсері шығар, «шіркін, «Индияда өмір сүрсем ғой» деп қиялдайтынмын. Біздің «гүл-дәуіріміз» барлық қиялдың «іске асуына» мүмкіндік берді емес пе, соңғы уақытта сараптай қарасам, арманыма жақындап келе жатқан сияқтымын. Мен тұратын аты жоқ қаланың Үндістаннан артық-кемі жоқ. Зәулім коттедждердің қасындағы «трущебада» тұрамын. Жалақы алған күні ерлі-зайыпты көршілерім, қыс болса қар үстінде, жазды күні жаңбыр астында ...
Толығырақ »Жиырмасыншы наурызды тосып отыр…
Мен көресіні әйелден көрдім. Кәдімгі өзімнің «жекеменшік» әйелімнен. Таңның атысынан күннің батысына шейін теледидардың алдында бітпейтін сериалдарды көріп мөлиіп отыратын қатыным өнер шығарды. Бірдеңеден ұшынды ма, әлде бірдеңеден шошынды ма деп сұрағыңыз келіп тұр-ау. Жоға, желік бітті. Желік бітіп еді, барлығынан жеріп кетті. Дүкенге барса – түңіліп келеді, базарға барса – жүгіріп келеді. Қолына доллар ұстап көрмесе де қарғайды, қымбатшылық-қымбатшылық деп сарнайды. ...
Толығырақ »Бағымды ашқан «Бақас-Ө»
Алғашқы саны «Ойнайық та күлейік» деп баяғы бастығымыздың ойланбай қоя салған атауымен оқырман қолына тиген газетіміз әкімді мақтай алмағандықтан өз-өзін ақтай алмай, жабылуға шақ қалып еді. Құдай иіп, «Бақас-Ө» ЖШС-нің қарамағына өтіп, таралымымыз кеңейіп, қуарған бетімізге қан жүгірді. Жаңа басшымыз талапшыл, әкім десе жаны қас, әділдік үшін әкесін әшкерелеуге өкінбейтін адам болып кездесті. Алғашқы «редсоветте» төрт көзіміз түгел отырғанда айтқаны: ...
Толығырақ »Шалдан шыққан шатақ пен 40 теңгелік «атақ»
фельетон «Арыстан қартайса тышқан аулайды» дегенді қайран қазекем «бірдеңені білгесін» барып айтқан екен ғой. Ертегіге елітсек, арыстан аңдар арасында, орман ағашында – «патша». «Патша» тышқан аулайтын күйге түскенде, одан «дәрежесі» төмен хайуандар қандай да бір ұсақ әрекетке барып, мазаққа қалып жатса, бәлкім, таңғалудың қажеті де жоқ шығар. Біздің жақта «арыстан» деген атымен жоқ, өйткені, тұрағымыз Орман емес, Тоғай еді. Әйтсе де, ...
Толығырақ »Радионың рахатын-ай!..
Мен «журналист» деген куәландыруы бар жылқының тіліндей жұп-жұқа қызыл дипломның иесімін. Жұмыссыз жүргеніме бүгін тура жарты жыл болды. Газет редакцияларының табалдырығын тоздырған екі аяғыма өгізге жеккен арбаның дөңгелегінше өнімсіз жүріс жүктеліп, тағы да «екі қолға бір күрек» іздеп шықтым. Жалдап тұрып жатқан жазғы сарайыма жүз метрдей ғана қашықтықтағы автобус аялдамасына жеткенімше, әй, сол бір сағаттың о жақ, бұ жағындағы уақыт ...
Толығырақ »