Тәлім

Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?!

Ахмет Байтұрсынұлының бір шумақ өлеңін айтып, сотталып кеткен Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?! Бір жайт бір нәрсеге сеп болатыны түсінікті, осыдан біраз бұрын Мақтаралда тұратын туысқандарға барып келген едім, сонда, кезінде ата-бабалары (өткен ғасырдың 20-30 жылдары) Торғайдың Батпаққарасынан кеткен бір ағайынмен сұхбаттастым. Әңгімеден әңгіме шығып, менің ауылымдағы уақытында Айса Нұрманов бастап салған Албарбөгет бөгеті туралы және Айса туралы кітаптың авторы ...

Толығырақ »

Анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов туралы

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды. Жалпы, бір күнге екі датаны қосақтап қоюға түбегейлі қарсымын. Бір күнді жеке репрессия құрбандарына арнауымыз керек те, екінші күн Ашаршылық құрбандарына арналуы тиіс. Енді, қуғын-сүргінге қатысты айтатын болсақ, респрессияға ұшырамаған қазақ отбасы жоқ шығар. Мысалы, менің анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов (мына құжатта Исмаилов деп жазылып тұр) туралы баяндай отырайын. ...

Толығырақ »

Ардақты әке, аяулы ана

Бүгін ардақты әкеміз, ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері Омар Кенжалыұлының туғанына 100 жыл толды. Ал келесі жылы аяулы анамыз Ұлмекен Төленқызының туғанына 90 жыл болады. Биыл 9 мамырда Ұлы Жеңіске де 80 жыл толғанын білеміз. Иә, біз үшін қан майданда жанын беріп, жаумен соғысқан аталарымыздың жеңісі – Ұлы Жеңіс! Бұл соғысқа миллиондаған отандасымыз секілді қазақ жерінен бабамыз Кенжалы Жалмағанбетұлы мен оның ...

Толығырақ »

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. Мысалы, қазір не көп, жеңіл, ойсыз қазақша кино көп, әрине, сынауға болады, бірақ, бастысы аталған фильмдер уақыт өте келе саннан сапаға өтеді деп санаймын!Екінші, «Нурикамал» фильміне жаңағы тұрғыдан қараймын, бір жағынан кейбір адамдар бұл не, қалай біреудің күйеуі өзге қызға қарайды деген сарында біржақты ойлайды. ...

Толығырақ »

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және нығайту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылы тұрғынымен кездесіп қайтты. Мұндай жүздесу бұған дейін Қарабалықта, Тоғызақ елдімекенінде болып еді. Негізгі мақсат – Қостанай облысының тұрғындары арасында әділетті мемлекеттің сындарлы құндылықтарын (бірлікте және заңмен өмір сүру) қалыптастыру және нығайту, патриоттық тәрбие беру. ...

Толығырақ »

Қостанай облысының ғылыми әлеуетін дамыту: Аризона университетімен кездесу

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы – шетелдік дамыған ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, өңірлерде жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашу. Үш жыл бұрын Мемлекет басшысының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы университет пен Аризона университеті (АҚШ) арасында екі дипломдық білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Білім министрлігі қажетті қаражатты қарастырып, грант сомасы ұлғайтылды және арнайы бағдарламалар әзірленді, ...

Толығырақ »

«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысы қарқынды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. «Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанайдағы өкілдігі мүшесі белгілі ақын, сатирик Абылай Маудан талантты журналист Разия Бикеновамен кездесу өткізді. Абылай Фазылханұлы Қоғамдық қор белсенділерінің елдің барша азаматтарына жолдаған үндеуі – Манифестті таныстырып өтті. «Әлеуметтік желілерден де көріп, бақылап отырмын. Ең бастысы, жалаң ұраннан аулақ, қазіргі таңдағы нақты мәселелерді көтеріп ...

Толығырақ »

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» тақырыбында мерекелік шарасы өтті. Салтанатты жиын кәсіподақтар федерациясының бастамасымен жарияланған «Лайықты еңбек жылы» аясында және салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара барысында барлығы 150-ге жуық кәсіподақ мүшесі марапатталды. Салтанатты жиында облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс ...

Толығырақ »

Еркін Аманжолұлы Әбіл туралы

  Біздің мектепті тәмамдауымыз 1990 жылға, яғни КСРО-ның ыдырау кезеңіне сай келді. Арманым тарихшы, яғни саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы және этнология саласы маманы болу еді. Ойласа келе, туған жеріме бір табан жақын Қарағандыға жол тарттым. Ол кезде Қазақстанда екі университет қана болатын, бірі КазГУ, яғни, Ә.Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ал, екіншісі, КарГУ, яғни, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Біз сияқты ...

Толығырақ »

«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары өтті. Аты айтып тұрғандай, семинар жұмысы Ахмет бабамыздың кіндік қаны тамған туған жері А.Байтұрсынұлы ауылында ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар Байтұрсын әулетінің қорымына барып, аруақтарға арнайы құран бағышталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Іс-шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, AMANAT партиясы Жангелдин аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты ...

Толығырақ »