Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Анастасия Димұхаметова Екатеринбург қаласында өткен халықарарлық WorldSkills Hi-Tech чемпионатынаy екінші орынға ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Анастасия 14-16 жастағы балаларға арналған «Инженерлік дизайн, машина жасауды жобалау» аталымында бақ сынады. Талантты оқушының халықаралық білім жарысына дайындалуына ұстаздары Андрей Лисовский мен Галина Лисовская көп еңбек сіңіріпті. Айта кетейік, биылғы WorldSkills Hi-Tech чемпионатына Ресейдің және ...
Толығырақ »Тәлім
ДИРЕКТОРЫН САЙЛАП АЛҒАН ЛИЦЕЙ
Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша білім беру мекемелері жанынан Қамқоршылық кеңес ұйымдары құрылған болатын. Қамқоршылық кеңестер дегеніміз — білім берудің сапасын, мұғалім, ата-ана мен оқушылардың қарым-қатынасын, бюджеттік және қайырымдылық мақсатта берілген қаржыларды бақылайтын халық өкілдерінің тобы. Оның көздеген негізгі мақсаттарының бірі – білім беру мекемесі басшылығының жұмысына баға беру, оқушылардың білім алуына барынша жағдай жасау, сол арқылы ...
Толығырақ »Қостанай облысында «Балалар университеті» ашылды
Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Мичурин селосында «Балалар университеті» ашылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Triera.kz кәсіпорнының директоры Игорь Пирогқа сілтеме жасап. «Бірнеше мұғаліміміз бар, Израиль-американдық бағдарламамен жұмыс істейді. Балаларға «сен қате айттың немесе дұрыс айттың» деген баға қойылмайды.Басты бағыт – баланы сөйлету, ол қате айтса да айтты ғой. Егер бала қате айтса, дұрыс айтқан балаға қарап, қате жерін өзі түзейді, – ...
Толығырақ »Бүгінгі мектеп бағдарламасына керек 4 пән
Мектеп оқушыларының басым бөлігі аналитикалық ойлау жүйесінен гөрі энциклопедиялық білімге қабілетті. Мектептің соңғы емтиханы ҰБТ-ны тапсырғанда көп оқушы өзінің есте сақтау қабілетіне сенеді. Оған дейін жадтың мықтылығына қарай оқушылар үлгерімі де бағаланады. Бірыңғай теориялық білім кесірінен оқушы қабілеттері толық ашылмай қалады да, логика, конструктивті коммуникация, азаматтық құқық сияқты өмірде шын керек болатын білім мен қабілеттен жұрдай болады. Есесіне бізді мектепте ...
Толығырақ »Мұғалімнің айтқандары есте қалу үшін не істеу керек?
Сабақ үстінде мұғалімді мұқият тыңдап, оны түсінуге тырысыңыз. Айтқандарын жаттап алуға емес, ұғынуға талпыныңыз. Ұғыну мен жаттау — мүлдем бөлек үрдіс. Ми іске қосылған кезде есте сақтау қабілеті өздігінен жұмыс істеуді бастайды. Яғни біз түсінуге тырысқан кезде көп нәрсені есімізде сақтаймыз, Ал жаттап алуға тырысқан кезде ұғына да алмаймыз, көп мәлімет жаттап та үлгермейміз. Үйде жүргенде материалды бірнеше бөлікке бөліп, ...
Толығырақ »Американың білім беру жүйесі қандай?
Демократия әрбір америкалық отбасында көрініс табады. Ата-аналары үнемі балаларымен кеңесіп, мәселелерді ақылдасып шешеді. Оларды отбасылық құндылықтарды бағалауға жастайынан баулиды. «Бүгін кешкі асқа не әзірлейміз?» сынды болмашы сұрақтардың жауабын бірге іздейді. Америкалық балалар осылайша таңдау еркіне ие болып, өзге мемлекеттегі қатарластарына қарағанда ерте есейеді. Ата-аналарымен, мектептегі ұстаздарымен сөз таластырады. Мұндай тәрбие олар үшін қалыпты болып қабылданады. Жастайынан еңбекқорлыққа үйренеді. Ата-аналары үй ...
Толығырақ »«Панорама», сен өйтіп «маңырама» немесе жалған ақпарат жарға жығады…
Тақырыпты бұлай «айғайлатып» қоюға ресейлік «Панорама» ақпарат агенттігінде (сатиралық басылымы) 18 қазанда жарияланған «Автора американского аналога ЕГЭ осудили за диверсию в системе образования» атты мақала себеп болды. Материал авторы агенттіктің бас редакторы Борис Гонтермахер болса керек. Жұртты екіұдай күйге түсірген жазба қазақстандық ата-аналарды да шошындырғанға ұқсайды. Бір қызығы, дәл осы фейк материалдың сілтемесі еліміздің ата-аналарының чатында неге «қыдырып» жүр?.. Жалған ...
Толығырақ »Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?
Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды. Осындай ерекшеліктері бар Сингапурдың білім беру жүйесімен таныс болыңыздар. Мектепке дейін Мектепке дейінгі мекемелер 3 жастан бастап қабылдайды, балалар бұл мекемеде 3 жыл дайындалады: балдырған, бірінші жыл және екінші жыл (K1 және K2) деген сатылармен ...
Толығырақ »Бразилиялық балалар мектептен соң тағы бір жыл оқиды
Әр елдің білім беру жүйесі әртүрлі екені белгілі. Ал Бразилиядағы замандастарымыз қалай білім алады екен? Бразилияда өзге елдер секілді мемлекеттік және жекеменшік мектептер бар. Тұрғындардың басым көпшілігі балаларын жекеменшік мектептерге береді. Олардың негізгі білім алуы міндетті және тегін. Әр қалада білім беру сапасы әртүрлі. Білім беру жүйесі мектепке дейінгі оқыту, негізгі (бастауыш) білім, орта білім және жоғары білім сатыларынан құрылған. ...
Толығырақ »Норвегиялық оқушылар бір-біріне баға береді
Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайға байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы, норвегиялық оқушыларға 8-сыныпқа дейін баға қойылмайды. Осындай ерекшеліктері бар Норвегияның білім беру жүйесімен таныс болыңыздар. Норвегия еліндегі оқушылар он үш жыл білім алады. Оның алғашқы он жылын бастауыш және орта сыныпта өткізсе, соңғы үш жылында жоғарғы сынып оқушысы атанады. Бұл ...
Толығырақ »