Tag Archives: Ахмет Байтұрсынұлы

Қостанай облысына неге Ахаң есімі берілмеске?..

Енді аз күндерден кейін қарсы алатын 2022 жыл — Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жылы, туғанына 150 жыл толмақшы. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталатынына халық дән риза. Үкімет қаулысына сәйкес, атқарылатын жұмыстарды да ақпарат құралдары арқылы танысып отырмыз. Тарих тұрғысынан қарағанда, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған жас мемлекетті әлемге таныту мақсатындағы жұмыстар — сол мемлекетті құру барысында қиямет-қайымды басынан ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды

Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…

Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының ізі қалған

«…Бұрынғы мешіттер мен медіреселер ескірді. Оларды жөндеуден өткізу керек немесе жаңадан салу керек». «Қарқаралы  петициясының» 41-тарауынан. Бұл Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт — азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алашорда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы тікелей ат салысқан, 1905 жылы 14500 адам қол қойған, қазақтың қоғамдық — ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (соңы)

Сартүбекте. Ахаңның анасының қуанышы 1910 жылдың желтоқсаны. Торғайда қыстың аязды мезгілі басталған кез. Күн ашық, желсіз. Ақбоз ат мінген жолаушы Қызбел жақтан Аққұмды бет алып келе жатыр. Таң атқаннан бері орта жолға жетіп қалған сияқты. Көкалат тұсынан өтіп, Аққұмға қарай тура тартып келе жатыр. Жер бетінде қар жұқа, кей тұста ақ топырағы көрініп қалады, соған қарап, Аққұмның шетіне түскенін жолаушы ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)

(Суретте Ахаң тұрған үйдің қазіргі күйі) «Қырық мысал», «Оян, қазақ!» 1909 жыл. Ақпан айының басы. Торғай қаласы (Торғай уезінің орталығы). Күн бұлтты болғанымен, желсіз тымық. Қаланың орталығында татар-ноғай саудагерлерінің дүкендері қаз-қатар сап түзеген. Орталықта алай- бұлай жүрген адам көп. Әсіресе, татар Сафиуллиннің дүкeнінің алдында адам ығы -жығылау. Бір сары шашты сары бала қолындағы даңғырасын қатты-қатты соғып, «Оян, қазақ!», Қазақша жаңа кітап! ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (тарихи повесть)

1907 жыл. Шілде айы. Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінен босатылғаннан кейін қала базарының маңынан бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан. Оған себеп— жандармерияның «қаладан шықпайсыз» деген нұсқауы еді. Түс әлеті болып қалған кез, Ахмет терезе алдындағы столда Крыловтың «Басни» атты кітабының біраз мысалдарын аударған. Қолжазбасын автордың мысалдарымен салыстырып, кей жерін өшіріп, қайта жазып, кейбір мысалдарға өз жанынан қосып, Крылов мысалдарына жаңаша ...

Толығырақ »

Бүгін — жерлесіміз, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін жерлесіміз, Ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Ұлт ұстазы Ахаңның туған күні құрметіне 5 қыркүйекке ауыстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Жангелдин ауданы ...

Толығырақ »

Абай мен Ахмет үндестігі

Абайдың  ұлы кемеңгер ақын екенін, дара тұлға екенін, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы атақты ақын болғанын барлық әлем білетіні бізге аян. Абай өлеңдеріндегі тарихи шындықты, Абайдың аудармашылығы, сазгерлігі, қара сөзі туралы білмейтін халық, танымайтын қазақ жоқ. Ұлы Абай атамыздың шығармаларын оқығанда, әрбір көзі ашық, көкірегі ояу адам оның жүрек соғысын, елім, халқым деп соққан сезімін түсінеді. Ол – бар ...

Толығырақ »