Tag Archives: Ерлан Сағадиев

Білім беру жүйесіндегі жаңалықтар және оқу жылының басталуына дайындық

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқу жылының басталуы қарсаңында баспасөз конференциясында қазақстандық білім беру жүйесінде қандай жаңалықтар болатыны туралы айтып берді деп хабарлайды  primeminister.kz. Министр өз сөзінің басында былтыр Президенттің жас ұрпаққа және педагогтер қауымына үлкен қамқорлық танытқанын, білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөлінгенін, жалпы алғанда көптеген мәселелер шешілгенін еске салды. Министр БҒМ-нің басты міндеті — үлкен жауапкершілікпен жұмысты ...

Толығырақ »

75 мыңнан аса түлектің 60327-сі құжаттарын қазақ тіліндегі оқу бөліміне тапсырған

Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам — ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміздегі ...

Толығырақ »

ЖОО-ға түсу өтінімдерін ұялы телефон арқылы беру енгізілмек

Білім министрлігі жаңа цифрландыру Тұжырымдамасын даярлады. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлем тез дамуда. Біз оны көріп отырмыз. Біздің балалар жылдам өзгеретін әлемде өмір сүретін болады. Біз басқа мемлекеттердің жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап, жаңа цифрландыру тұжырымдамасын дайындадық. Осы тұжырымдама негізінде бір үлкен сұраққа жауап ...

Толығырақ »

Еліміздегі мектептердің 99 пайызы интернетке қосылған

Шалғайдағы ауылдарға электронды күнделікті, барлық пәндер бойынша үздік видео-сабақтарды қолжетімді ету міндеті тұр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мектептердің инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Қазір мектептердің 99 пайызы интернетке қосылған, бірақ оның ішінде тек 62 пайызы жылдам интернетке қосылды. Бүгінде 2,5 мың мектепке немесе 35 пайызында ...

Толығырақ »

Информатика пәнін 1-сыныптан оқыту қоғам талқысына шығарылмақ

Информатика пәнін 1-сыныптан бастап оқыту мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Министрлік білім мен ғылымды цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі — ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамытуға негізделген. Екіншісі — білім беру мен ғылымды басқару процестерін автоматтандыру, ал үшіншісі ...

Толығырақ »

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс — Ерлан Сағадиев

Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын ...

Толығырақ »

Ерлан Сағадиев жатақханалар қалай салынатынын айтты

Жатақханаларды мемлекеттік бюджет есебінен салу үшін 5 жылға 225 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз банктермен, жоғары оқу орындарымен, құрылыс компанияларымен, Ұлттық банкпен, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен бірнеше жиналыс өткіздік. Бәріне ыңғайлы, түсінікті және ...

Толығырақ »

0-сынып 2020 жылы енгізіледі — Білім және ғылым министрі

Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізудің неліктен 2020 жылға ауыстырылғанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 75 мың мұғалім біліктілік курсынан өтеді, 30 мың мұғалім кретериалды бағалау және оқытудың әдістері секілді тренерлік курстарынан өтеді. «Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты 2019 жылы енгізу қойылған. Бірыңғай бағдарлама мен мұғалімдер ...

Толығырақ »

Мектептер 100 пайыз цифрлық ресурстарға қосылды — Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында білім берудің жаңа мазмұнына көшу туралы қазақ және орыс тілінде жасаған баяндамасында оқулықтарды сатып алуға қосымша қаржыны қажет ететін өңірлерді атап көрсетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. «Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектебінде, одан кейін 30 пилоттық мектепте апробациядан ...

Толығырақ »

ЭКСПО-қалашықта робототехникадан ұлттық чемпионат өтеді

3-4 шілде күндері ЭКСПО қалашығындағы Конгресс-орталықта «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушысы қатысады деп хабарлайды ҚазАқпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына сілтеме жасап. Ұлттық чемпионат — WRO робототехника бойынша халықаралық кезеңнің іріктеу бөлімі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2014 жылдан бастап «World Robot Olympiad-тың» Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып ...

Толығырақ »