Таспа

Tag Archives: Тұрғын үй

Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады, — деп жазды облыс әкімі. Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ...

Толығырақ »

Аманқарағай ауылының тұрғындары үшін 100 шаршы метр баспана салынады – министрлік

Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Тілсіз жалыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі – Аманқарағай ауылы. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымдалған. ...

Толығырақ »

Өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Премьер-Министр тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмек көрсетіп жатыр. Бірлескен жұмыс тобы құрылды, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол өңірдің ауа райына байланысты барлық жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жоба бекітілгеннен кейін ...

Толығырақ »

Қостанайда жас отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама іске қосылды

Қостанайда «Жас шаңырақ» деп аталатын жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде келісімге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Жеңілдікпен жас отбасыларды тұрғын үймен қамту бағдарламасы пилоттық жоба ретінде облыс орталығы — Қостанайда енгізіліп отыр. Кейін өңірдегі барлық аудан, қалалар қосылады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар, медицина, ...

Толығырақ »

Қостанайда «Нұрлы жер» бойынша салынған тұрғын үйлер сапасыз болып шықты

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, kstnews.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. №6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс ...

Толығырақ »

Биыл Қостанайда 29 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Данильчуктың айтуынша, 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 17,3 млрд теңге бөлінген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бағалы қағаздарды сатып алу және республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен 30 тұрғын үй бойынша несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы ауданы 123 мың 967,3 шаршы метр, яғни 1863 пәтер. Бес үй «Юбилейный» шағын ауданында, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 2,5 айда 130 өрт тіркелген

Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрт құрбаны болды, барлығы 130-дан аса өрт оқиғасы тіркелген деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. «Облыста жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт тіркелген. Осылайша, өсім 5%-ды көрсетті. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапқан, алдыңғы жылы құрбандар саны 11 болған, өсім – 27%», — делінген ведомство таратқан ақпаратта. Өрт ...

Толығырақ »

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысы республикада алдыңғы үштіктің қатарында

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа үйге қоныстанған 108 тұрғынға пәтер кілттерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бұл шағын аудандағы зәулім үйлердің барлығы да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Облыс әкімі тұрғындарды ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, өңірде жүзеге асырылып жатқан тұрғын ...

Толығырақ »

Тобылдық отбасыға тұрғын үй берілді

Таран ауданының Тобыл елді мекенінде көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын бастағаны белгілі. Жоба аясында Тобыл елді мекенінде тұратын Смирновтар отбасына тұрғын үй берілді. Отағасы Андрей Смирновтың айтуынша, бұл күтпеген сыйлық болды. «Біз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Расында да, үйіміздің ...

Толығырақ »

Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», — делінген хабарламада. Өрттің нақты себептері ...

Толығырақ »