Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанайдағы өрт кезінде өлген мал мен құстардың саны есептелді
Мамандар Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде өлген жануарлар мен құстардың санын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап. Жергілікті сайттың мәліметінше, Әулиекөл ауданында өрт кезінде өлген ауылшаруашылығы жануарларының құнын өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өлген жануарлар мен құстардың санын нақтылау бойынша ...
Толығырақ »Қостанай облысында Сібір жарасы таралып жатыр
Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінде ірі қара малда Сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ElDala.kz порталына сілтеме жасап. Костряков ауылдық округі әкімі шешімімен Запасное ауылының аумағында карантин белгіленеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын шілде айында күйдіргі жарасы Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында Приречное ауылында анықталған болатын. Қараша айында ауру Денисов ауданындағы Жалтыркөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде тіркелді. Қостанай облысы ...
Толығырақ »Әулиекөл ауданындағы өрт өшірілді
Бұл туралы жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асып кетті
ТЖМ жедел штабы Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 6 қыркүйекке арналған жедел ақпаратты таратты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жедел штаб мәліметі бойынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді. Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ...
Толығырақ »Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына ...
Толығырақ »«Адами факторды жоққа шығаруға болмайды»: ТЖМ өртке қатысты мәлімдеме жасады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде. Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар ...
Толығырақ »Өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-Министр тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмек көрсетіп жатыр. Бірлескен жұмыс тобы құрылды, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол өңірдің ауа райына байланысты барлық жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жоба бекітілгеннен кейін ...
Толығырақ »Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап. Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...
Толығырақ »Тоқаев Торғайға баратын болды
Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.
Толығырақ »