Tag Archives: Өрт

Өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Премьер-Министр тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмек көрсетіп жатыр. Бірлескен жұмыс тобы құрылды, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол өңірдің ауа райына байланысты барлық жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жоба бекітілгеннен кейін ...

Толығырақ »

Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.  Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...

Толығырақ »

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйде қабырға мен төбе жабыны өртене бастаған. 50 шаршы метр алаң жалынға оранды. Өрт ...

Толығырақ »

«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, ...

Толығырақ »

Шабындығы өртенген Арқалықтың шаруалары шөпті көрші ауданнан тасуға мәжбүр

Қостанай облысында мал азығын әзірлеу науқаны кезінде күрделі мәселелер туындап тұр деп хабарлайды ЭК. Биыл Арқалық қаласына қарасты ауылдық округтерде өрт өте көп болды. Жаз басталғалы 10 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің шөбі түгел жанып кетті. «Дала өрті, әсіресе, Қайыңды, Жаңақала, Екідің, Ашутастының аумағында өршіді. Бұл елдімекендердің негізгі күнкөрісі төрт түлік. Шабындығы түгелімен өртеніп кеткен шаруашылықтар да бар. ...

Толығырақ »

«Амалымыз қалмады…»: Торғай жұрты тасаттық беріп жатыр

Соңғы кездері еліміздің әр өңірінде құрғақшылық болып, жұрт малынан айырылып жатыр. Қостанай облысында да дала шөбі өртеніп, дауыл соғып, жұртты әбігерге салып жатыр. Әйтеуір табиғат тосын мінезін танытып тұр. Амалы құрыған жергілікті халық діни наным-сенімге жүгініп, тасаттық беріп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   ЭК сайтының жазуынша, құрбандыққа шалатын малды жергілікті тұрғындар әркім шамасы келгенше бес-он мың теңгеден қаржы қосып сатып алыпты. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 2,5 айда 130 өрт тіркелген

Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрт құрбаны болды, барлығы 130-дан аса өрт оқиғасы тіркелген деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. «Облыста жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт тіркелген. Осылайша, өсім 5%-ды көрсетті. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапқан, алдыңғы жылы құрбандар саны 11 болған, өсім – 27%», — делінген ведомство таратқан ақпаратта. Өрт ...

Толығырақ »

Қостанай облысы да жеткілікті қаражат бөлмеген

Премьер-министр Асқар Мамин өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жақсартуға тиісті қаржы бөлмеген өңірлерді атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.  Премьер-министр Мемлекет басшысының жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша міндеттер қойғанын айта кетті. «Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек. ...

Толығырақ »

Қарабалық ауданында өрт шықты

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт шықты деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ» деп мәлім етті департаменттен. Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.    

Толығырақ »