Tag Archives: Өрт

Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», — делінген хабарламада. Өрттің нақты себептері ...

Толығырақ »

Қостанайда зауыт отқа оранды

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға бүгін сағат 07:30-дер шамасында болған. «Гагарин көшесіндегі «Агротехмаш» ЖШС ғимаратынан өрт шықты. Қоймадағы ағаш қабырғалар, жылытқыш материалдар, төбе жабынғысы жанып кеткен. Қойма басшысы бөлмесіндегі жиҺаздар, компьютерлер мен құжаттар да өртенді. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт ...

Толығырақ »

Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

Қостанайда 6 наурызда, яғни, кеше «Наурыз» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Төртінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердің балконы өртенді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, балконнан үйге кіретін есік, балкон жабдықтары және үй заттары өртенген. Өрт аумағы — 6 шаршы метр. «Пәтер иесі — 55 жастағы әйел адам құтқарылды. 35 адам эвакуацияланды, ...

Толығырақ »

Затобол кентінде тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға Попович көшесінде болған. «Өрт 6 пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шықты. Қазіргі мәлімет бойынша №3 пәтер жанып кетті. Оқиға орнына жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 08:24-те толықтай сөндірілді» деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. Ведомствода мәлім ...

Толығырақ »