Tag Archives: Өрт

Қостанай облысындағы өртке адами фактор себеп болған – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған. Оқи отырыңыз: «Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин. Еске салайық, қыркүйектің ...

Толығырақ »

БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ...

Толығырақ »

Қостанайда тағы да өрт болды

Өрт сөндірушілер Қостанайдың саяжай аумағында өртенген шөп пен қоқысты сөндірді, деп хабарлайды  tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 қыркүйек күні сағат 11.30-да «101» пультіне Қостанайдан 18 шақырым жерде орналасқан «Пригородный» саяжай қоғамдастығының аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша 10 га алаңда қараусыз қалған учаскелерде құрғақ шөптер, қоқыстар мен бұталар жанғаны анықталды. Қатты ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы өртке байланысты орман шаруашылығы директоры қамауға алынды

Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашев Қостанай облысындағы ауқымды өртке байланысты үстінен іс қозғалып, қамауға алынды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап. Сот Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашевты қамауға алуға санкция берді. Дәл сол жерде Әулиекөл ауданында өрт басталды. Қазір Жақашев тергеу изоляторында, — делінген бейсенбі күнгі хабарламада. Санкцияны Әулиекөл аудандық соты берген. Іс Әулиекөл ауданындағы өртпен байланысты, ол Басаман ...

Толығырақ »

«Ақшалай берілмейді»: Аманқарағайда қора-қопсысы өртенгендерге тақтай мен шеге жеткізілген (ВИДЕО)

Аманқарағай мен Озерный ауылында өрттен үйі аман қалып, бірақ қора-қопсысы бүлінген жұртқа материалдық көмек беріледі. Бұл жайында «Сұрау бар» YouTube арнасы әзірлеген «Өрттен кейінгі өмір. Әулиекөл» атты деректі фильмде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмайыл айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz.  Біздің ауыл – Аманқарағайда 85 үй жанып кетті. Озерныйда 6 үй. Барлығы – 91. Әулиекөлде 91 үй салынып жатыр. Жұрттың барлығы сонда ...

Толығырақ »

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасы әрқайсысы 1 млн теңгеден алды

Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды. Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді. Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған ...

Толығырақ »

Қостанайдағы өрт кезінде өлген мал мен құстардың саны есептелді

Мамандар Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде өлген жануарлар мен құстардың санын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап. Жергілікті сайттың мәліметінше, Әулиекөл ауданында өрт кезінде өлген ауылшаруашылығы жануарларының құнын өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өлген жануарлар мен құстардың санын нақтылау бойынша ...

Толығырақ »

Әулиекөл ауданындағы өрт өшірілді

Бұл туралы жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК ...

Толығырақ »

«Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді. Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және  құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асып кетті

ТЖМ жедел штабы Қостанай облысындағы  табиғи өрт бойынша 6 қыркүйекке арналған жедел ақпаратты таратты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жедел штаб мәліметі бойынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын  сөндіру жұмыстары  жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді.  Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ...

Толығырақ »