Қостанай облысындағы бұрмаланған жер-су атаулары туралы немесе ономастика комиссиясына құлаққағыс

жер су атаулары

Таяуда Тәжікстанда Чкалов деген қаланың аты өзгертіліп, оған тәжікше атау беріліпті, әншейінде «Джамшут» деп қорлап, «гастербайтерлер» деп кемсітетін тәжіктердің ұлттық  сана-сезімдері бізден жоғары болып тұр. Бұл атауы қайтарылған қала аты Тәжікстандағы орыс тіліндегі соңғы атау екен.

Ал, бізде, Қазақстанда жағдай қалай, нақтырақ айтсақ Қостанай облысындағы жер-су атауларына аздаған талдау жасап көрейікші.

Қостанай облысының мына төмендегі атауларына қарап мен кейде Ресейде немесе Украинада жүргендей боламын.

Мысалы, Целинное, Денисов ауданы, Лисаковск қаласы, Рудный қаласы, Варваринка, Крымский, Тарановка, Волгоградский, Милютинка, Тургеновка, Михайловка, Батмановка, Надежденка, Смирновка, Федоровка, Святославка, Веренка, Новопавловка, Москалевка, Черниговка, Октябрьское, Лесное, Краснодонский, Павловский, Ленинградский, Чехова, Лесной, Восток, Троебратное, Борис-Романовка, Рудненский, Горняцкий, Константиновка, Сергеевка, Андреевка, Железорудный, Викторовский және т.б.

Жақсы Чехов пен Тургеневті бәріміз білеміз, бірақ Ленинград атауы Ресейдің өзінде баяғыдан жоқ, Санкт-Петербург екенін білеміз, бірақ Ленинград атауы Қазақстанда не үшін сақталып қалғаны мен үшін түсініксіз.

Краснодонский атауының Қазақстанға қандай қатысы бар, оның үстіне Дон және қызылдарды еске алып тұр.

Ал, Романовка Ресей императоры Романовтар әулетінің құрметіне қойылған болар, мүмкін Павл мен Петр қаласын еске алған болар.

Лисаковск қаласының эмблемасы түлкі, мүмкін Қазақстанның басқа да қалаларын Медвежск, Бурундук, Волкоград деп атау керек шығыр, бірақ бұл Қазақстан жері ғой. Негізінде Лисаковсінің орнында бұрын Темір ауылы болған, оның жанындағы көлдің аты Қожай.

Айтқандай Қостанай облысында Рудный деген қала бар екен ғой, әуелде ол жердің де басқаша, тарихи атауы болған, ол – Сарыбай елі. Ал Кеңес Одағы кезінде қандай ат қоюды бізден сұрады ма дейсіз?

Черниговка, Крымский – бұлар Украина атаулары, Қостанай облысы аумағында бұлар не істеп жүр.

Айтқандай Қобланды батыр ауылы әлі күнге Щербаково болып аталады.

Қашарға  (Качиры), Майшолаққа (Павловка), Айсарыға (Глазунов), Түйемойнаққа (Денисов), Жаркөлге (Федоров), Құттыалапқа (Затобол)  тарихи атаулары әлі берілген жоқ.

Енді мына қызықты қараңыз, Қостанайдағы 150-тен астам көше бар болса, оның жиырмасы ғана қазақша аталады екен. Әлі күнге дейін біздің Қостанай өңірінде туып өскен қайраткерлеріміздің атындағы көшелер өте аз. Керек десеңіз, бүкіл қазақтың атын кезінде әлемге танытқан сахна саңлақтары, еңбек ерлері Елубай Өмірзақов, Әбілахат Есбаев, Біләл Аспандияров, Мұхтар Мурзин немесе алаш ардақтылары, айта берсек көп, қазақ ұлттық академиясының ыстығына күйіп, суығына тонған жерлестеріміз Манас Қозыбаев, Өмірзақ Сұлтанғазин, кешегі Ғабит Мүсіреповке сабақ берген Бекет Өтетілеуов сынды толып жатқан біртуар ғалымдарымыздың аттары неге берілмеске? Ол ол ма, алғашқы қазақ мектебін ашқан, білім нәрін сепкен Ыбырай Алтынсаринге Қостанайда еңселі ескерткіш қою ешкімнің ойына келмей ме? Бейімбет Майлиннің құлап қалайын деп тұрған ескерткішінің жайы тағы бар.

Есесіне бізде ешқандай мән – мағынасы жоқ көшелер қаптап кетті. Айталық, «Колхозная», «Рабочая», «Совхозная» көшелері, тіпті жақында «казахская» деген көше пайда болыпты. «Казахская» деген атауды өзге елдегі қазақтар тұратын аймақтардағы көшелерге беруге болады ғой.

Ең сорақысы Жеңіс көшесін Қостанайда «Победа көшесі» деп, ал Жағалау көшесін «Набережный көшесі» деп баттырайтып қойған.

Ал, Рудныйды айтатын болсақ, қаланың басты мәдени-спорттық ғимараттарына бір ғана атау тән – ол мысалы, «Горняк» – спорт  кешені, «Горняк» – қонақ үй,  «Горняк» – мәдениет сарайы, құдайым-ау, бұл не сонда тілдің жұтаңдығы ма, әлде ешкім бұған басын ауыртқысы келмейді ме?!

Рудныйдың басты көшелерінің аттарын қараңыз – Ленин атындағы, Дзержинский атындағы, 40 лет Октября, 50 лет Октября және т.б. Сонда бұларда уақыт тоқтап қалған ба?!

Қысқаша айтқанда, жер-су атаулары тарихи атауларына қайтаруы тиіс, бұл ретте, республикалық, облыстық ономастика комиссияларына құлаққағыс!

Ал облыстың мәдениет саласын басқаратын Сероус ханым бұған не айтар екен?

Мақаланы дайындау барысында Ақылбек Шаяхмет пен Яков Фёдоровтың материалдары пайдаланылды.

Амандық ҚОРҒАНҰЛЫ

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...

Бір пікір

  1. Болат Абдибеков

    13 век , Амир Темур , уже во второй раз ,разгромил ЗОЛОТУЮ ОРДУ, Тохтамыш — ХАН ушел в Россию под именем Дмитрий Донской , Золотая Орда осталось без войск , в это время Российски конкистадор без сопротивление , завоевал все современный СИБИРЬ , Дальный Восток . и везде до вали Русское название ,и тут же ввели на картографию. — Это же история повторилось уже при СССР , когда массово приезжали на поднятие Целинных и залежных ЗЕМЕЛЬ 1954. году. На то время без согласие и без учета мнениями коренного население , все пере именовали ,и быстро вели изменение в картографию СССР , это называется захват территорию. Я как гражданин КАЗАХСТАНА , Я знаю в том что ,КАЗАХИ в любом месте соответственно на свой ей территорий ,обязательно давали ИМЕНА соответственно с характером местности. Так что Реки ,речушки , Родни чек , все имели свои название. У русско язычного население есть свои не достаток по отношению Казахского языка ,хотя многие родились и живут до взрослого возраста или всю жизнь. — ПРИМЕР : говорят Ак Арда ( Ак Орда — Белая Ставка ) слова Арда — это взрослый теленок.( Арда бузау.) — Нур Атан ( Нур Отан — Родина) слова Атан — это Верблюд самец кастраты. Получается просто , смена только одной буквы ,слова меняется в корне в Казахском языке. А насчет название ,просто административно ,и методично переименовать в историческую в Казахскую название . Как это делали , отменили название пос Комсомольское , осталось его историческое название Карабалык.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *