Monthly Archives: қараша 2019

Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына барды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі алдымен аудандағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралады. «Промбаза 7» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 650 тонна зығыр, 380 тонна күнбағыс майы өндірген. Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына өндірісті биылғы көрсеткіштен түсірмеуді тапсырды. Жалпы, Федоров ауданында Елбасының ...

Толығырақ »

Жұмабек Кенжалин атындағы дәрісхана

Қазақ баспасөзі мен руханиятында ерен еңбегімен аты қалған, жасаған ісі мен атқарған қызметі мемлекетшілдік һәм ұлттық сана тұрғысынан өрілген, жаратылысы мен болмысы бөлек, жаны ізгі Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Журналистика жампозының арамыздан кеткеніне екі жылдың жүзі болса да, тұғырлы тұлғаның аяулы бейнесі замандастарының, әріптестерінің жадынан өшпек емес. Десек те, келешек ұрпақ үшін Алаш жүректі қайраткер азаматтың тағылымды ...

Толығырақ »

Жітіқарада банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып кеткен

«Еуразиялық банк» АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен. «Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ...

Толығырақ »

Қостанай облысының филармониясы 75 жылдығын атап өтті

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ұжымы өзінің 75 жылдық тойын атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облыстық филармониясының тарихы 1944 жылдан басталады. Алғашқы концерттік бағдарламасы сол жылы 19 наурызда өтті. Филармонияның шығармашылық ұжымдары бүкіл Кеңес Одағында, Балтық жағасы елдерінде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Еуропада өнер көрсетті. Өнер ордасының 75 жылдығына арналған салтанатты кеш Жастар сарайында өтті. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ...

Толығырақ »

Қиянатқа қарсы тұрған газет

Қазақтың маңдайына біткен марғасқа тұлғалары қызмет еткен «Egemen Qazaqstan» газеті биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанатпен атап өтіп жатыр. Еліміздің бас газеті осы кезеңдерде небір тарихи сәттерді бастан өткергені анық. Талай адамның тағдырына араласып, әділет жолында құрбан болған азаматтарға қамқор болғаны да рас. Тіпті біздің отбасымызға қиындық туған сәтте де көмекке келген еді бұл басылым. Тағдырдың жазуына қарасайшы, бүгінде ...

Толығырақ »

Қаралы сұлу – Қарагөз

 Если человек любит кого-то до безумия, То всякий его грех заслуживает прощения. Маргарита Наварская  Жазу жазып отыр еді, телефон шылдыр ете қалды. Тұтқаны құлағына тосқанда: – Кешіріңіз, Ерасыл ағамен сөйлесуге бола ма? – деді бейтаныс дауыс. – Мен тыңдап тұрмын. – Ә, ә, иә, өзіңіз екенсіз ғой… Айып етпесеңіз, мүмкін болса… – деп жасқана сөйлеген дауысқа: – Тыңдап тұрмын, айта беріңіз ...

Толығырақ »

Озбырлық шындығын ашқан шығарма

Кез келген ақын-жазушы үшін ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау – ең басты парыз. Қаламды қару еткен сөз сарбаздарын халқы да айрықша қадірлейді. «Талғам-таразы» айдарының бүгінгі «оқырманы» – қаламгер Ораз Қауғабай қашанда батыл сөйлеуден жаңылмаған жазушы, журналист, қоғам қайраткері Сапабек Әсіптің «Қазақ қасіреті» кітабы туралы ой толғады. Қазақ халқының өткен тарихы мен жер-суының тағдырын терең білетін ғалым-қаламгер Сапабек Әсіпов ағамыздың «Қазақ қасіреті» ...

Толығырақ »

Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен

Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетовке өтініш білдіріпті. Кәсіпкер интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Ол өз өтінішінде интернет арқылы «көлік жүргізушісін» тауып, келісімшарт жасасқан. Алайда қымбат жүк діттеген ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жұмысшы мамандар жетіспейді

Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 9 млрд теңге бөлінді. Қазір бұл соманың 6,5 млрд теңгесі игерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінде аталған бағдарлама шеңберінде 25 мың адам жұмысқа орналасып, арнайы білім алды. Оның 85% — жұмыссыздар болса, қалғандары – өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Басқарма мәліметіне сүйенсек, бизнесті дамыту үшін ...

Толығырақ »

Ілияс Омаров

Халық жадында сақталудың жолы әрқилы. Біреу өнерімен, біреу ерен еңбегімен, тағы біреулер биік адамгершілік, азаматтық қылығымен ел өмірінде өшпес із қалдырады. Халқы оларды әрқашан есте ұстап, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтып отырады. Сол арқылы кейінгілерді де өткеннің ғибратына баулиды. ХХ ғасырдағы қазақтың сондай қадір тұтқан, ұлы деп сүйген азаматының бірі – Ілияс Омаров. Биік адамгершілігі, азаматтық, қайраткерлік өнегесі, жан-жақты таланттылығы ...

Толығырақ »