Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-4

Бұлай деуге себеп өздеріңіз көріп, сезіп отырғандай, сіздерді қимай уақытты соза түссем, бір қауіпті жағдайға ұшырап, қосақтың арасында қоса кетіп қалам ба деген қауіп. Әркімдердің аузынан көп еститін көргенді айтайын ба? Әлде естігенімді айтайын ба? дегендей сұрап барып айтсам деймін. Ол сіздердің таңдауларыңызда болсын деп едім, отырған көпшілік екеуін де естейік дегенді айтты. Олай болса, әңгімені көргемнен бастайын деуім осы жағдай үнемі ойға оралып көп қорқытатын. Аяз бидің: «Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл» деген сөзі еске оралып, міне осындай жағдайды көзіммен көргенім, соның ішінде болған кісілер, қазір орталарыңызда отыр. Жұмыс бабында жетімді — жетімсіз істерге ренжитін жағдайлар жиі ұшырасып жатады. Сол мақсатта ренжіс болып  бір ақсақалды участковый полицей Мұханбетуәли алдыма әкелді. Үлкен кісі бара алмайтын жағдайын айтып, оған түсініп жатқан басшы болмаған соң күштеуге көшіп, әйелін қоса ала келген.

Мектептің барлық жұмысы толық аяқталып, мектеп директоры екеуміз ақылдаса келіп, аудандық білім бөлім бастығымен хабарласып, мектеп есігін ашып, лентасын қию салтанатын өткізу күнін белгілемек ойда болып осыған байланысты әзірлік жұмысы басталды. Ат шаптырып, дүбірлетіп той тойлап, ерекше атап өтпесек те, есте қалар жағдай да өткізілмек. Мектеп басшысы Есқали өз үйінен ас-суын әзірлеп, ауданнан арнайы келген қонақтар мен ауыл ақсақалдарына дастарханын жайып, бата тіледі. Бата тілектерге қоса өз ойларын айтып, ыстық ықыластарын білдірушілер де көп болды. Ауыл ақсақалы Мұханмедияр Есмағанбетов ақсақал бұл ісіңіз естен кетпейтін ерекше орны бөлек айтуға тұралық іс болады. Бір кездері аңыз есебінде айтылып бізге жеткен, жарты әлемді билеген Әмір Темір өзін оқытқан ұстазына кесене тұрғызып, ең жоғары қабатына жетіп, әрі қарай жалғастырған ісі жүрмей, бүгін қалап кеткен кірпіш, келесі күні құрылысшылар келгенде,құлап жатса керек. Әрі қарай не істерін білмей, Әмір Темір де, халық та амалдары таусылып, қатты қиналыста болған. Сол ұзақ толғаныстың бірінде көпті көріп, көп жасаған бір ақсақал.

– Дат тақсыр деп ортаға шығып сөйлеуге рұқсат алыпты.

– Сіз өзіңізді оқытқан ұстазыңызға құрмет көрсеттіңіз! Сол ұстазыңыздың да ұстазы бар десе керек. Осыны естіп, Әмір Темір ұстазының ұстазына кесене тұрғызуға кіріскен.

– Ал Тентек айта ғой, тағы не болды? Не күн туды басыңа деп сұрай түстім.

– Ауданнан Сапабек хабарласып, Қарсақбайдың қызметінің өсетінін айтқан еді.

– Дұрыс-ақ, өте жақсы екен, өссін, — дедім.

– Сен қуанасың ба? – Әрине, қуанамын, өз азаматымыз.

– Бір ауылда туып, бірге өстік, туыспыз.

– Қолынан іс келетін, кім‑кіммен де қалай сөйлесу жөнін білетін, қайырымы мол азамат, өскені жөн дегенді айттым. Осыны айтқанымда салы суға кеткендей үнжырғасы түсіп, демі шықпай тұншықты да қалды.

Содан әрі менде жұмысы болмай, үнсіз дыбысы өшті.

– Шақырған шаруаң осы болса ондай ойды қой.

– Өсіп, қайта оған қуанып тілектес болайық! Менің айтар кеңесім осы, – дедім.

– Мұндай жағымсыз іс әрекет, кім‑кімнің де ішіне сымайды ғой, сол күні Тентектің інісіне айттым. Менен бұрын Тентектің шақыруымен шәй ішуге барған Сабыр ағайға да хабарласып оған да айттым. Иә, мен өзім де саған осыны айту үшін шақырды ғой деп,- ойлаған едім. Тап осыны осылай маған да айтқан.

– Мен оған қатты ренжіп, сен не деп отырсың? -Қалай аузың барып отыр олай деуге дедім. -Оның саған жасаған азаматтық ісіне, жасаған сыйың осы болды ма?

– Қалай ұялмай, аузың барып арыз жазуды ойлап отырсың деп, ренжідім.

– Бұл ісің естір құлаққа ұят. Совхоз орталығынан Айырқұм бағытында көтерме жол соқтырып жатқан жұмысын тоқтата тұрып, саған көмек жасап ініңнің үйін көтеруге ірге тасын соқтырды.

– Соның өтеуі осы ма? Бұлай деуімнің себебі.

Бір жексенбі күн болатын, моншаға түсуге барған едім. Тентек пен Сабыр аға түсіп шығып киініп жатыр екен. Тентек бұрынырақ киініп болып, ағасына мен шай қойдыра берем, сатушының үйіне кел. Маған да тезірек түсіп сен де сонда келетін бол дегенді айтты. Асықпай түсіп шығып, Тентек айтқан үйге бардым. Барсам өзі ғана отыр екен, ағаң қайда деп сұрадым? Ол кісінің кетіп қалғанын айтты. Қойған шәйің жоқ, неге шақырдың, сатушының үйіне  кел дегеніңе өзімше дәмеленіп келген едім, енді не бересің? Ештеңе де жоқ, осы сенің алдыңда Сәкен ағаң келіп бір шыныны соған құйып, енді барсай деп азар шығардым деді. Орта шыныны өзімен бірге алып кетті. Таза болмаған соң беріп құтылдым дегенді айтты. Ағаның ісі қызық қой, оның ойына менің ойым үйлеспей ренжіп кетіп қалды. Сен де қызықсың, ағаңның мінезін білесің ол кісіге қиянат жасағанды ұнатпайды. Соны біле тұра әдейі істейсің осыныңды жөн деп,- ойлайсың ба? Әрине жөн емес сенің қисық та, қыңыр істерің көп соны қой! дейді. Ағаңның ақылын тыңдап айтқанын істесең ештеңең ортаймайды, осы ісіңе менің де қарным ашады. Ылғи да саған айтудай айтып, айтатыным таусылған сияқты. Бірін айтып тындырдым ба? десем екіншісі шығып жатады. Міне тағы да келіп отырсың.

Бұл досқа, туысқа жасайтын іс емес,әлі де ақылға салып ойласқаның жөн. Сенің осындай ойда болуыңды толық түсініп отырғаным жоқ. Таза сенің кім болып бара жатқаныңды білсем бұйырмасын, біліп отырған жоқпын. Қарсақбай сенің ісіңнің бәрін біліп отыр. Білмейді деп әсте ойлама, бәрін біледі. Мен бұл жағдайды кезінде оның өзіне де айтқан болатынмын. Оның сыртында аудандық партияның бірінші хатшысы М.Айсин мырзаның қабылдауында болғанымда сенімен Сабыр аға жайлы, реніш себептерің және осы екеуіңнің туыстық жақындықтарың  туралы сұраған. Сонда барлық жағдайды толық айтып, туыстық жағынан да бір‑біріңе жақын екендігіңді айтқам. Осы кісінің сұрауына байланысты Қарсақбай жайлы өзімнің оң пікірімді айтып, оның қызметі жайында, ауданнан Тентекке хабар беретін біреулердің барын да айтқан едім. Осының бәрін Қарсақбай білсе де төзімділік жасап, бұрынғы қалыпта сыйластыққа сызат түсірмей мінезге бай азамат, бұрынғы қалыпша ештеңе білмегендей әлі келе жатыр. Сенің қашанда өз ішімізден өскен азаматтарға қарсы шығып аяғынан шалуға әзір тұратын әдетің ғой. Ол ісіңді білсе де ештеңе сезбегендей сабыр сақтап, не істейтініңнің ақырын бағуда. Ол ештеңе білмейді, ештеңе сезбейді деме, бәрін өзім білем деме, өкінетін күнің ертең болады, абайла! Әлім сақтан айтылып, естіліп жүрген «қуырдақтың көкесін- түйе сойғанда көресің» деген сөз болатын. Солай дегендей шын жылаудың көкесі сонда болады. Бұл саған жай ғана ескертуім, құдайды ұмытуға айналдың, құдайдың барын, ардың тазалығын ,адалдық пен шындықтың бар екені есіңде болсын.

Әлі де ақылға салып ойлағаның жөн. Сенің осындай теріс қылықтарыңды көріп не істерімді білмей таза шаршадым. Осыншалықты жалаңтас жабайшылыққа барған іс әрекетіңді көріп сабақ алсын, ел білсін деген ниетте айтамын. Сені тиятын осыдан басқа амалым қалмады. Сенің ішкі ойыңды білемін ғой, тұмсығың тасқа соғылып барып тынарсың. Ол күннің де алыс емесі анық. Бұл сөзді шын жанашырлық сезімде айтып отырмын. Дұрыс түсіне білу үшін, сезер ой мен сана керек. Ол сенде қайдан болсын, жоқ екенін білем, білсем де ақысыз, пұлсыз айтылатын көп ақылдың бірі- керек десең аларсың, керек демесең өзіме қайырарсың. Менің білуімше, күндердің күнінде жеңіліс тауып, ағаңның аяғына жығылғандай ініңнің де, аяғына жығыларың анық, соны сеземін.

Осылай деп отырғанымда сөзден сөз туады дегендей сөз туып, Сабыр аға мен Тентек жайындағы мына хикаяны айта кетсем деймін. Бұл тартысты хикая, басын осылай деп бастасам. Осылай деп айтуға себеп, үйге жұбайын ертіп Тентек келді. Келген бетте көз жасын төгіп, егіліп жылай басатады. Әйелін ертіп келгеніне мына антұрған өзінің үйреншікті бойына сіңген әдетін тағы қайталап жұбайын ренжітті ғой, деп мен де Тентекке ренішімді сездірдім.

Қадірлі ағайындар, біраз жыл сіздердің орталарыңызда болып, азды- көпті еңбек етіп жұмыс жасадым. Оның барлығы сіздердің көз алдарыңызда өтті. Елге, елдің халқына ризамын. Осы қасиетті киелі топырақта балаларым өсіп, оқып,ержетіп, ұлым ұясына, қызым қиясына қонды.Соның бәрі бүгінгі құдайы аста отырған үлкен ақсақалды әкелер, ақжаулықты әжелер мен ағалар сіздердің әркез берген баталарыңыздан деп білемін. Орталарыңызға сіңісіп, бірге туған бауырдай сыйластықтарымыз жарасып, қазір қимастықта көзімізге еріксіз жас келіп жатыр. Сол ретте айтайын дегенім мынау еді. Ел болған соң, ел ішінде артық- кем, жетімді — жетімсіз жағдайлар болып жатады. Оны өмір заңы деп білсек, оған қай — қайсымыз да кешіріммен қарауға тиістіміз. Сондай реттердің бірінде аудандық партия хатшысына барып жағдайымды айттым. Оған толымды жауап болмаған соң, жұмыстан шығатын ойымның барын да сездірдім. Олай деуіме түрлі себептер болды. Өзіммен қызметтес қарамағымдағы бір-екі азаматтың теріс істерін бірінші хатшыға айтқанымда, олардың іс- әрекеті жанына жағатын қалып танытты. Бұдан әрі басшыны мазалауды ретсіз көрдім. Арагідік Айырқұм, Аққұм бағытында ұшқанда мен айтқан екі азаматты ертіп алып кетеді, ескертпе сәлемдерін соларға айтып, солар арқылы хабар жетеді.

Сондай іс әрекеттерінің бәрі менің жаныма батып, не істерімді білмей қиналып жүрген жайым бар. Осылардың бәрін жиып‑теріп айтудың реті енді келген сияқты. Бұның әр жағында қалай жұмыс істеуге деген ынта ықылас болады. Әрі қарай не істе дейсіздер? Таза мені ана екі азаматтың істері шаршатты. Солар ақыл айтуға жараған соң ендігі жерде ұрыспай- таласпай өз жөніме кетуді, сіздерге айтып жеткізуді ойладым. Осылардың іс -әрекеттері шаруашылыққа да кері әсерін тигізіп, жылдан- жылға өнім де төмендеп барады. Сіздерге алғашқы келген бетте берген уәдемнен шығайын деп қолға алған мектеп пен аурухананы дер кезінде салдырып шықтым. Қауіпім осы жұмысты аяқтай алмаймын ба? Ұят баспасам жарар еді деп, жан — тәніммен қинала жүріп істеттім. Әрбір істеліп жатқан істің, істеліп бітуіне теріс көзқарастар болып жатты. Сырттан келген құрылысшылар ел ішіндегі жағымсыз жандардың қарсы әрекетін толық түсініп, олардың айтқан ақылдарын қабылдай қоймады. Құрылысшылардың осындай таза түсініктеріне өз ырзалығымды айтып, сабырға шақырып отырдым. Бұл істе үлкен қиындық, айтыс- тартыспен істеліп жатты.Осыдан кейін қарап жатпай, мәдениет үйін салуды да қолға алған едім. Оның да бітуіне аз ақ қалды. Құдай амандығын беріп қош көрсе, жақын арада ол да бітіп ел халқын қуантар ойым бар. Оны орындалады деген үмітім бар.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(жалғасы бар)

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға ...