ganibet

Қазақстанның әлемдегі рейтингі қандай?

Бүкіләлемдік экономикалық форум сайтында түрлі елдердегі туризмнің бәсекеге қабілеттілігі рейтингі жарияланды. Қазақстан аталған рейтингте жоғары позициялар иеленген, деп хабарлайды Baq.kz.  Cайттың хабарлауынша, бизнес ортаның қолайлылығы жағынан Қазақстан 3-орынға жайғасты, ал қауіпсіздік бойынша 58-орында. «Гигиена және денсаулық» рейтингінде Қазақстан Германия, Литва, Австрия, Бельгия және Ресейден кейін 6-орында тұр. Бұл тізімді әзірлеу кезінде ел халқына шаққандағы дәрігерлердің саны, медициналық қызметтер, ауыз суға ...

Толығырақ »

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Мәжіліс бүгіннен бастап заң шығару қызметін үздік жазып- көрсеткендерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлердің өтінімдерін қабылдайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Жеңімпаздар алты номинация бойынша Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, Ғаламтор мен радиоматериалдар, ...

Толығырақ »

Балалар ансамбльдерінің шеруі өткізіледі

Еліміздің облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізіледі деп хабарлайды ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМКҚ баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнінде Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ...

Толығырақ »

Торғайдың күрең торы тобылғысы

 Жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметов туралы эссе-толғау Қос ғасырдың тоғысы 2000 жылдың қоңыр күзі. Жұмыстан ертерек шығып, көше бойлап келе жатырмын. Қарсы алдымдағы қалың нөпірдің арасынан – басында жиегін қара мақпалмен ызған қарқарадай қырғыздың ақ қалпағы, тәлпіш-танау, жүзі сүрлене тотыққан қара сұр адам жолықты. Бір көрген сияқтымын… Мен де ежірейіп қарадам, ол да ежірейіп өте шықты. Тоқта! Мынау әлгі сатирик-сықақшы, этнограф-зерттеуші Сейіт ...

Толығырақ »

Қазақстан ардагерлері ең қомақты жәрдемақы алған

Биыл ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге бір реттік ақшалай жәрдемақы беру бойынша Қазақстан топ бастап тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА currenttime.tv сайтына сілтемемен хабарлайды. Телеарна мәліметі бойынша, әр қазақстандық ардагерге $1570 берілген. Бұл Ресейдегі ардагерлер алған бір реттік жәрдемақыдан 10 еседей көп. Айта кетейік, биыл РФ ардагерлеріне 171 доллардан берілген. Бұл тізімде 7-ші орынды иеленіп отырған көрсеткіш. Тізімнің ең соңында ...

Толығырақ »

БАҚ назарына: «Үркер-2017» сыйлығына қабылдау басталды

Бүгін күні баспасөз, радио және интернет журналистика саласына арналған «Үркер-2017» Ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды BNews.kz. Сыйлық құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Ұйымдастырушы — «Қазконтент» АҚ. Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың журналистика саласын дамытуға қосқан үлесін саралау және көпшілік назарын журналистер мен шығармашылық ұжымдарына аудару. Сыйлық мына аталымдар бойынша беріледі: ...

Толығырақ »

Жастар жұмысшы мамандығына да қызыға қарайды

Елордада «WorldSkills Kazakhstan – 2017» Ұлттық чемпионаты өтіп жатыр Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарында нақты тапсырмалар бергені мәлім. Осы тапсырмаларды іске асыруға белсене кіріскен ҚР Білім және ғылым ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН-2

(Деректі хикаяттан үзінді) Әбдісадық пен Барлық та соғысқа дейінгі үрейге толы болса да бейбіт жылдарды сағынып, оқуларын жалғастыруды армандаушы еді. Соғысқа дейін Қостанайдағы Жамбыл Жабаев атындағы қазақ мектебінен оқып келген Барлықтың білім сапасы басқа балалардан гөрі тереңдеу. Ол тек шығыс және қазақ әдебиетін ғана емес, орыс жазушылары мен ғалымдарының еңбектерін еркін оқи алатын, мазмұнын жатқа айтатын дәрежеде еді. Колхоз жұмысына ...

Толығырақ »

Қостанайда Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылуы мүмкін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің Аманкелді ауданынан бастау алған іссапары Жанкелдин ауданында жалғасты деп хабарлайды «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Аймақ басшысы алдымен 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген су бөгетінің жай-күйімен танысып, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан бірқатар сақтық шарадан хабардар болды. Одан кейін “Топжарған” спорт кешеніндегі жаңадан пайдалануға берілген күрес залына соғып, сапалы жасалған құрылысына көңілі ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов пәтер кілттерін табыс етті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданындағы екі жаңа үйлердегі пәтерлердің кілттерін табыс етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Заречное ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінген болатын. «Бүгін біз 20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз, ...

Толығырақ »