Қостанайлық айтыскер ақын, әуесқой сазгер Марғұлан Оспанов Фейсбуктегі парақшасына «Шаттан, Елім!» деген кезекті әніне арналып түсірілген әуесқой бейнебаянды жариялады. ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған туындысын автор «ЭКСПО-ның гимні» деп атады. Әннің сөзін тағы бір қостанайлық ақын, қаламгер Абылай Мауданов жазыпты. Торғайда туып-өскен қос таланттың халықаралық көрмеге тартуын әнсүйер қауым жылы қабылдап, әлеуметтік желілер арқылы авторларына алғыс айтып жатыр. tobyl-torgai.kz сайты ұжымы да ...
Толығырақ »ganibet
Мотоциклші қаза тапқан сәтте түсірілген видео пайда болды
Қостанай облысында мотоциклші қаза тапқан сәтте түсірілген видео пайда болды. Видеотіркеу құрылғысы түсірген видеода «Лада Ларгус» көлігі Калинин көшесімен келе жатқан. Кейін ол оңға бұрылып, екінші жолақпен келе жатқан. Жүргізуші солға бұрылуды ойлайды. Осы кезде соққы болған. Мотоцикл жүргізушісінің шлемі ұшып кеткен деп хабарлайды Аlau.kz порталы. Тағы бір видео жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін түсірілген. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Толығырақ мәліметтерді ...
Толығырақ »Қолыңды бер, ҚАЙЫҢДЫ!
Жұмабек КЕНЖАЛИН, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Осы тақырыппен мақала жазуға отырғанда бұдан дәл 45 жыл болған әсерлі бір оқиға ойыма орала кеткені. Онда 1972 жылдың масаты маусым айы еді. Өз тіршілігімен өзі әуре боп: қойын қоздатып, егін-жайын баптап-күтіп жатқан ел ішінде бір әңгіме гу-гу ете қалысты. «Олжас Сүлейменов келеді!». Сол-сол-ақ екен, ауыл ішін ретке келтіру, ...
Толығырақ »Ел дегенде – елгезек
Созбақтайтын түгі де жоқ: қарымды қаламгер, сыншы, аудармашы Қуанышбай аға Құрманғали 75 жасқа толды. Әншейінде ол кісі қазақтың қалам ұстаған азаматтарының талайы туралы толғамды дүние жазған болатын, солардың бірі болмаса, бірі өз қатарласы туралы жылы жазба жазатын болар деп күткеніміз де рас. Өкінішке қарай ешкім ештеңе жазбады. Ұядай ресторанда 75 жылдығы аталып өтті. Жан шырайын келтірген жақсы басқосу болды. Сонда ...
Толығырақ »Торғайлықтар полигонға түбегейлі қарсы!
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мырзаға Торғай елі халқы атынан Наразылық арыз Құрметті азаматтар! Қазір Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметке, яғни Сіздерге бар билікті берді. Сондықтан ол кісіге арызданбас бұрын осы бір шұғыл шаруамызды алдымен Сіздерге жолдап отырмыз! Біз бұл арызды қазақтың қара шаңырақтарының бірегейі, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның, ұлт ұстазы ...
Толығырақ »Қостанайлықтар қоныс тойын тойлады
Өткен Астана күні мерекесінде Ғазиза Шолпанбаеваның қуанышы еселеніп кетті десе болады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін алғанда жүрегі алып-ұшып, ерекше толқыды. Баспана қиындығы өздерін шаршатқандай еді. Ұлы мен қызы өсіп қалды, әлі күнге дейін отбасы жоғары оқу орнының жатақханасындағы аядай бір бөлмеде күн көріп келді. Үлкен қызы 13 жасқа толды, ұлы 10 жаста. Балалардың сабаққа дайындалуына бөлмесі тарлық ...
Толығырақ »«Өнер жолындағы» өлермендердің сұхбаты
– Өнер жолында жүргенінізге қанша жыл? – «Ң»-ға тілі келмейтін қызыл көйлекті сары қыз сұрағын өтірік қымсына қайталады. – Тәәк, тоғыз, жоқ…, аа, сегіз жыл екен ғой, – деді бата тілегендей алақанын жайып жіберіп жылдам есептеп, екі саусағы ғана бүгілмей қалған жасыл жейделі аққұба жігіт алақ-жұлақ жұтынып. – Кешірініз, бұл екінші сауалым екен ғой, – деді сары қыз сызыла түсіп, ...
Толығырақ »Мұхамбетов мешітке барды, Сүндетәлин шырылдап отыр…
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмысына риза болып, өңірдегі жағдайды айтып берген ауыл әкімі «таяқ жеп жатыр» деп хабарлайды nur.kz. Сарыкөл ауданына қарасты Тегіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндетәлин облыста жаңа мешіт пен көпірдің салынғаны, жол құрылысының қарқынды жүріп жатқаны жаңа әкімнің бастамасы екенін айтқан еді. Сонымен қатар ауыл әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмада мешітке барғанын да қуанышпен жеткізген. Алайда, басшылыққа ...
Толығырақ »Сот бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовтің шағымын қанағаттандырмады
Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің үкімі өзгеріссіз қалды деп хабарлайды tengrinews.kz Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2017 жылдың 27 маусымында Астана соты бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі және «ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС Саят Шаяхметовке қатысты бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды, сотталушылардың шағымын қанағаттандырмады», — делінген қалалық прокуратураның таратқан хабарламасында. 2017 жылдың 2 ...
Толығырақ »Бүгіннен бастап зейнетақы, жәрдемақы және әскери қызметшілердің жалақысы өседі
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 20, әскери қызметшілердің жалақысы 25 пайызға өседі деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетсек, мамыр айында бірқатар әскери қызметшіні мемлекеттік наградамен марапаттау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығының және Қарулы Күштердің 25 жылдығының құрметіне 1 шілдеден бастап Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық гвардияның және Мемлекеттік ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz