Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік.
Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну!
Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық.
Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. Бəлкім, кино əкімшілігінде қазақша түсінетін қаракөзге жұмыс табылып қалар.

Хош, содан, «Март» сауда үйіндегі «Арман» кинотеатрына хабарластым.
Мұндағылар тəуір екен. Қазақшамды естігесін кешірім сұрап, тіл түсінетін басқасына тұтқаны ұстатты.

Астанада көре алмай жүрген «Алмас қылышты» Қостанайға келіп əріптестермен көрдік.

Кино маманы болмасақ та өзіндік сынымызды жазғанды жөн санадық: Керей ханнан батырға тəн кескін көрінбеді. Хан көтерген сəтте ұлықтау рəсіміне жиналған халық өте аз.
Қазақтардың қайта-қайта жау қоршауына түсіп, дұшпаннан мүсіркеу көріп босатылғаны намысқа тиді.
Қобыландының жалғыз өзі шеп бұзғанда жаудың абдырап қалып, тұра қашқандарының қисыны келіспеген.

Әліби МАНАШтың Фейсбуктегі парақшасынан

Мынаны да қараңыз

«Арқалық әуежайына бөлінген қаржы қайда?»: Берік Бейсенғалиев Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Арқалық қаласындағы жекенің қолына сатылып кеткен әуежай жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 9,5 млн ...

Бір пікір

  1. Қостанайлық

    Мынау ұят екен! Мемлекеттік тілге қарсы адамдарды шеттерінен жұмыстарынан босату керек!

    Тобыл-Торғай сайты, мәләдес! Осылай жаза беріңіздер! Ана әкім Мұхамбетовті де сын тезіне алып қойыңыздар!)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *