ganibet

Қостанай облысындағы өртке адами фактор себеп болған – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған. Оқи отырыңыз: «Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин. Еске салайық, қыркүйектің ...

Толығырақ »

Аманқарағай тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

Қостанай облысының тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Аманқарағай кентінің 46 жастағы тұрғыны Павел Томашевич Әулиекөл ауданының полиция бөлімі басшылығының атына алғыс айтты. Осы уақытқа дейін ер адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз тұрып келген. Бұл жұмысқа орналасуды қиындатып, басқа да өмірлік жағдайларға әсер еткен. Павел Томашевич ауданның көші-қон қызметіне жүгінген. Онда ...

Толығырақ »

Қостанайлық тұрғындар аулада заңсыз салынып жатқан құрылысқа наразы

Қостанайда көпқабатты үйдің тұрғындары аулада салынып жатқан құрылысқа наразы. Себебі күнделікті тарсыл-тұрсылдан ескі баспанамыздың қабырғасы жарылып, іргетасы сөгіліп жатыр дейді.  Айтуларынша, құрылыс заңсыз жүргізілуде.  Сот шешімімен мердігер компанияға айыппұл салынған көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бірақ,  бұған да қарамастан, жұмысты тоқтатпай отыр дейді. Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің іргетасы осыдан 61 жыл бұрын қаланған. Содан бері көне ...

Толығырақ »

Ресейдегі қазақ диаспорасының қазіргі жай-күйі

Қазіргі күні қазақ диаспорасы әлемнің елу шақты елінде бар деп саналады. Меніңше, олар дүние жүзінің одан да көп өзге де аймақтарында бар деп есептеймін. Мысалы, қазіргі күні бейресми деректер бойынша АҚШ-та шамамен елу мыңнан ширек миллионға дейін Қазақстаннан шыққан азаматтар бар деп саналады. Ал, оның қаншасы Қазақстан азаматы, нешеуі АҚШ азаматтығын алған бұрынғы отандастарымыз екені беймәлім. Және ол санның ішінде ...

Толығырақ »

Қостанай облысында ана мен бала өлімі ең көп тіркелген

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3-ке жеткен. Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен, — деді министр Үкімет отырысында. Сонымен ...

Толығырақ »

Қостанайда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Бүгін «Бекет-2022» кешенді оқу-жаттығуы аясында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы облыс орталығында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабы мәлімдеді. Оқу-жаттығу барысында полиция департаменті және Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының күшімен Қостанай қаласының ғимаратында (шартты түрде) тұтқынға алынған адамдарды босату мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығуларының мақсаттары орындалды. Қостанай қаласының тұрғындары мен ...

Толығырақ »

Арқалықта қалаішілік бағыттарға жүретін маршруттар қосылды

Бұған дейін сайтымызда 40 мыңнан артық адам тұратын Арқалықта екі-ақ маршрут жүретінін жазған болатынбыз. Бүгінде қала әкімдігі №2 және №4 автобус маршруттары қосылғанын мәлім етті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.   Оқи отырыңыз: 40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді Құрметті қала тұрғындары, ертең, яғни, 21 қыркүйектен бастап №2 және №4 қалаішілік бағыттардағы қоғамдық көліктер жүре бастайтынын хабарлаймыз! — делінген әкімдік таратқан ...

Толығырақ »

БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлының кейінге шегерілген 150 жылдық мерейтойы 1 қазанда өтеді

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.  Биыл 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Қостанай облысы Мәдениет басқармасының директоры ...

Толығырақ »

Қостанайда компания басшылығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті сотталды

Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды, – делінген хабарламада. Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.   Фото: ашық дереккөз

Толығырақ »