ganibet

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыс бойынша филиалының басшысы тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры болып Миржан Жанабаев тағайындалды. Миржан Мұхтарұлы Жаңабаев 1990 жылы туған. 2011 жыл – Қаржы полициясы академиясы, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы; 2012 жыл – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «Құқықтану»; 2012 жыл – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ...

Толығырақ »

Қостанайдағы өрт кезінде өлген мал мен құстардың саны есептелді

Мамандар Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде өлген жануарлар мен құстардың санын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап. Жергілікті сайттың мәліметінше, Әулиекөл ауданында өрт кезінде өлген ауылшаруашылығы жануарларының құнын өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өлген жануарлар мен құстардың санын нақтылау бойынша ...

Толығырақ »

Қостанай облысында Сібір жарасы таралып жатыр

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінде ірі қара малда Сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ElDala.kz порталына сілтеме жасап. Костряков ауылдық округі әкімі шешімімен Запасное ауылының аумағында карантин белгіленеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын шілде айында күйдіргі жарасы Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында Приречное ауылында анықталған болатын. Қараша айында ауру Денисов ауданындағы Жалтыркөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде тіркелді. Қостанай облысы ...

Толығырақ »

Әулиекөл ауданындағы өрт өшірілді

Бұл туралы жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК ...

Толығырақ »

«Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді. Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және  құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы өрт туралы кеш хабарланған — ТЖМ

Қостанай облысындағы орман өрті туралы кеш хабарланған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы өрттің үлкен аумаққа таралуына жел себеп болғанын айтты. Орман өрті туралы хабар кеш келгенімен келісемін. Шамамен 20 шақырым жерде болған. Бірден бірнеше шақырымда өрт тұтанған. Үлкен аумақта өрттің таралуы секундына 25 метрге дейін жетіп, жел басталған. Салдарынан жердегі ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асып кетті

ТЖМ жедел штабы Қостанай облысындағы  табиғи өрт бойынша 6 қыркүйекке арналған жедел ақпаратты таратты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жедел штаб мәліметі бойынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын  сөндіру жұмыстары  жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) қарауылдау ұйымдастырылды. Жеңіл жауынның арқасында ауа ылғалдығы күшейді.  Сағат 7:30 бастап өрт аумағына ...

Толығырақ »

Тоқаев ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. Сәлеметсіздер ме. Барлық өрт сөндіруші, барлық қызыл жалынмен күресушілер! Барлығыңыз төтенше жағдай уақытында танытқан ерліктеріңіз үшін марапатталасыздар. Барлығыңыз баспанамен және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілесіздер. Ал қазір жұмысқа кірісейік, — деді Президент. фото: дереккөз

Толығырақ »

Аманқарағай ауылының тұрғындары үшін 100 шаршы метр баспана салынады – министрлік

Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Тілсіз жалыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі – Аманқарағай ауылы. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымдалған. ...

Толығырақ »

Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына ...

Толығырақ »