ganibet

Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап.  Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай ...

Толығырақ »

Рудныйда салмағы 6 келі болатын сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді деп хабарлайды «Алау». Сәби 1 қазанда Рудный қалалық көпбейінді ауруханасында дүниеге келген, оны Елжан деп атаған. Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің басшысы Людмила Төлебаеваның айтуынша, оның көп жылдық тәжірибесінде осындай салмақтағы бала алғаш рет дүниеге келген.  Анасының айтуынша, босану асқынусыз өткен. «Мен ірі бала дүниеге келеді деп күттім, бірақ соншалық үлкен болады ...

Толығырақ »

Абсурдизм және Төлен Әбдіктің «Ақиқаты»

ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы прозада шығармалардағы мекен мен мезгілдің нақтыланбауы, жазушылардың кеңістік пен уақыттық өлшемдерге басқаша қарай бастауы, қоғамдық-идеялық фактордан алыстап кету немесе мүлде ескермеу, әлеуметтік белсенді кейіпкерлерден бас тарту т.т. соны сипаттар алғашында тосырқатып тастағаны рас. Қоғамдық идеалдың бұлыңғырлығын, трагизмнің шектен тыс қоюлығын, кейіпкердің әрекетсіздігін тілге тиек еткен сындар да болып жатты. Өйткені әдебиеттің мүлде жаңа сорапқа түсуі, тың ізденістер ...

Толығырақ »

Арқалықта барлық нысан жылыту маусымына дайын — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап. «Алдымен қуаттылығы 7500 бас мал болатын мал шаруашылығы кешенінің құрылыс барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңге. Нысан 2-кезеңде пайдалануға беріледі. 2021 жылғы ақпанда бордақылау алаңы, ал 2021 жылғы қыркүйекте репродуктор енгізіледі» деп жазды әкім. Архимед Бегежанұлы бұдан әрі ЖЭО «Арқалық ...

Толығырақ »

Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды

Бүгін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергеновты таныстырдым деп жазды облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында. Облыс әкімінің жазуынша, Қ.Испергенов Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылының тумасы. Екі жоғары білім бар. Ол Рудный индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Жаңа қала әкіміне Рудный қаласының тұрғындарының ...

Толығырақ »

Қостанай облысында карантиндік шараларды күшейту қарастырылады

Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтіп, онда карантиндік іс-шараларды сақтау мәселелері қаралды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Барлық қабылданған шараларға қарамастан, халықтың да, кейбір кәсіпорындардың да енгізілген режимді сақтамағаны байқалады. Облыста рейдтік іс-шаралар барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 5 мың бұзылуы бар» деп жазды аймақ басшысы. Мысалы, 26 қыркүйекте Жітіқара ...

Толығырақ »

Қазақ күресіне қатысты мектеп бағдарламасы әзірленіп жатыр — Ерлан Естек

Қазақ күресі соңғы жылдары кең көлемде насихатталып, олимпиадалық ойындар қатарына енгізу үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы, қазақ күресінен Ұлттық құраманың Бас жаттықтырушы Ерлан Естек «ҚазАқпарат» тілшісіне елімізде осы спорт түрімен шұғылдануға қандай жағдай жасалып жатқанын, болашақ жоспары қандай екені туралы сұхбат берді. — Туған жеріңіз, отбасыңыз туралы айтсаңыз. — Мен Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге ...

Толығырақ »

PRIMARIES: «Мен өз таңдауымды жасадым» — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды. 17 қыркүйектен бастап Қостанай облысы бойынша партияішілік сайлауға 800 адам қатысуда. 7 қыркүйектен әрбір кандидат ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. БПҰ мүшелерімен кездесіп, шағым мен ұсыныстар жинап, жария пікірталастарға қатысты. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Ал 1-3 қазан аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал primaries.kz ...

Толығырақ »

«Қылмыс құрамы анық бар» — Депутаттар Кирилл Божконың әрекеті жайлы айтты

Елордада «Этносаяси дискурс: Таулы Қарабақтағы эскалацияның ҚР этносаралық жағдайына әсері және Кирилл Божконың дөрекі сөздері туралы» сараптамалық кездесу өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.  Онлайн отырысқа Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелерінің, Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Мурадов пен Н.Микаелян, Қазақстанның әзербайжандар қауымдастығының төрағасы А.Хамедов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Шойкин, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Қолданбалы этносаяси ...

Толығырақ »

Қостанай облысы карантин талаптарын сақтамаудан 1-орында

Олардың ең көп саны Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ, Алматы қаласында (3 876) тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. «ІІМ карантиндік және шектеу шараларын сақтау бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетеді. Күн сайын 10 мыңға ...

Толығырақ »