ganibet

Арқалық: Емхана қызметкері коронавирус жұқтырған

Арқалық қаласының әкімдігі жанынан коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында өңірлік комиссия құрылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік өңірлік штабқа сілтеме жасап. «2020 жылғы 18 сәуірде Арқалық қаласында COVID–19 ауруының бір фактісі тіркелді. Сырқаттанып қалған әйел — Арқалық өңірлік емханасының зертханашысы. Жұқтырудің көзі анықталып жатыр. Қызметіне байланысты індетті жұқтыру тәуекелі жоғары болғандықтан, екі апта карантиндік білімінде жатқызылды, ...

Толығырақ »

Сырбай Мәуленов: …Деген екен

1952 жылдың қысында ақын Сырбай Мәуленов, белгілі журналистер Шәкәрім Өржанов пен Мұса Дінішев үшеуі баспа жұмысымен Москваға бара жатады. Жолай поезд Қызылорданы басып өтетін болған соң  Сырбай Асқар Тоқмағамбетовке телеграмма береді. Күн қатты боран болса керек. Түннің бір уағында поезд Қызылордаға келіп тоқтайды. Мынандай боранда Асекең үйден шыға алмас деп Сырбай екі ойлы болып отырғанда, еденді сарт-сұрт басқан дыбыс естіледі. ...

Толығырақ »

Президент Қостанай облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды ҚазАқпарат  Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс басшысы ҚР Президентіне коронавирусқа қарсы күрес, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды іске асыру барысын баяндады. Сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тың жұмыс режиміне біртіндеп шығуын қамтамасыз ету, егіс жұмыстары және «Жұмыспен қамтудың Жол картасын» іске асыру ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Бірқатар шенеунік 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті

Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Агенттіктің Қостанай облыстық департаменті облыстық Ауыл шаруашылығы және Жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: 87 ғимараттың шатыры қирады

Қостанай облысында қатты боран мен желдің салдарынан 87 әлеуметтік нысанның шатыры қираған. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі бүгін қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізіп, ауа райының салдарынан зақым келген нысандарды қалпына келтіру бойынша жиын өткізді. Өңір басшысына әр ауданның әкімі есеп беріп, жағдайды баяндады. «Ауа райының салдарынан біздің облысымыздың 10 ...

Толығырақ »

Қостанай жарықсыз отыр

Қостанай жылу орталығы өңірдегі қатты боранның әсерінен болған ақауға байланысты тұрғындарға хабарлама жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметті электр энергиясын тұтынушылар! 7 сәуірде ауа райы салдарынан Қостанай облысының жүздеген елді мекені электр жарығынсыз қалды. Олар «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС желілерінен ажырап қалды. Жоғарыда аталған ұйымдардың білікті қызметкерлері кешегі күннен бастап өз желілерінде қалыптасқан апаттық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде» делінген ...

Толығырақ »

Жері мен елі үшін жаға жыртысқан Ахаңдар-ай…

Біздің қолымызда ССРО Бас прокуратурасына тиесілі қордан алынған құжат бар. Ол Ресей Федерациясының мемлекеттік архивіне (ГАРФ) тиесілі. Іске байланысты берілген мәліметтен оның 1909 жылы, яғни патшалық билік тұсында полиция департаменті тарапынан ашылғанын аңғаруға болады. 39 беттен тұратын бұл істе 1909 жылдың  26 июлінен келесі 1910 жылдың  6 мартына дейінгі Ахмет Байтұрсынұлының сот ісіне қатысты құжаттық материалдар тіркелген. Тіркелген құжаттардан патшалық әкімшіліктің ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қар жауып, боран соғып тұр (видео)

Қостанай облысында кенеттен қар жауды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала тұрғындары кенеттен жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Расымен де, табиғаттың тосын мінезі жұртты абдыратып тастады. «Кеше түнде ғана күн ашық еді. Таңғы алты-жетілерде де анау айтарлықтай өзгеріс болмаған. Айналасы 1 сағаттың ішінде қаланы қар басты. Қазір борандатып тұр. Амал жоқ, көлігіміздің доңғалағын қайта ауыстыру қажет» ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: 31 мың адам жұмыспен қамтылады

Қостанай облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларды іске асыруға 53,7 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрғалығымен өткен кеңес барысында Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, Жол картасы жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: 100-ге жуық елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысы өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Осы аптада Қостанай облысында күн күрт жылынып, тасқын судан төнетін қауіп күшейді. Қызыл су бірнеше өңірді әбігерге салуы мүмкін. «Қазіргі күні 99 елді мекенді су шайып кетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік, орталық және батыс өңірлерінде қар жамылғысы толық еріген. Өзен-көлдердегі су деңгейі жоғарылаған. Құтқарушылар қауіпті деген аймақтарда су ...

Толығырақ »