Tag Archives: Сот

Әулиекөлдегі өрт: орман шаруашылығының экс-директоры сот залынан босатылды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ірі өртке қатысы бар деп айыпталған «Басаман» орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды, деп «Қостанай жаңалықтары» басылымы. Еске салайық, айыптау актісіне сәйкес, 2020 жыл — 2022 жылдың қыркүйегі аралығында орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашев лауазымын пайдаланып, жекеменшік иелеріне өрт тұтану қаупі жоғары кезеңде ағаштарды рұқсат құжаттарсыз кесуге мүмкіндік берген. Сол үшін 15 млн теңге көлемінде сыйақы ...

Толығырақ »

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды

Қостанайда Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы сотталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай қаласының №2 сотында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы пара алу, алаяқтық жасау бойынша айыпталған «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ инкассаторлық бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, салық төлеушінің электронды кабинеті арқылы жеке кәсіпкер ұсынған 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікке ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас қыз лас жұмысқа жегілген: интернат директорына үкім шықты

Қостанай қаласының №2 сотында әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Майдашаш Жұмағалиға, оның қызы Камила Бимендинаға және Пешков психоневрологиялық интернат-үйінің директоры Дамира Әбелдиноваға үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйелдер ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: 128-бап «Адамды өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалдау, тасымалдау, өткізу», 126-бап «Бас бостандығынан заңсыз айыру», 362-бап «Билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра ...

Толығырақ »

«Әділеттілік қайда?!»: Қостанайда баспана ала алмай жүрген жетімдер үйінің түлегі әкімдікпен соттасып жатыр

Жетімдер үйінен шыққан Руслан Қонақбаевтың тұрғын үй қатынастары бөліміне және Қостанай әкіміне қатысты талап арызы бойынша сот процесі 6 сәуірде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Наша Газета сайтына сілтеме жасап. Руслан – жетім, 1-топтағы мүгедек. 2023 жылғы ақпанда ол азаматтарды бірыңғай қабылдау кезінде Қостанай облысының әкіміне жүгінді. Дәл осы мәселе жуырда сотта қаралатындықтан, Құмар Ақсақалов ол кезде ...

Толығырақ »

Қостанайда қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды

Қостанайда алтын бұйымдар үшін қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды, деп хабрлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қостанай ауданының Нечаевка ауылының тұрғыны дәрменсіз күйдегі адамды өлтіргені және қарақшылықпен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану арқылы адамның өмірі немесе деңсаулығына шабуыл жасағаны үшін сотталды. Оған ҚР ҚК 99- бабы 2-бабы 3,8 тармақтары ...

Толығырақ »

Әулиекөлдегі орманды өртеді деген тракторшыға сот үкімі шықты

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.  Александр Репейко қылмыстық кодекстің 341-бабы 1-бөлігі («ормандарды жою немесе зақымдау») бойынша айыпталған. Сотта 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бағаналы кентінде ағай өңдеуші (лесозаготовитель) Есмағанбетов бұрын таныс болмаған «МТЗ-82» маркалы тракторды басқарған Репейкоға өтініш айтқаны анықталды. Ол ...

Толығырақ »

Қостанай облысында болған орман өртіне тракторшы кінәлі болып шықты

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған алапат орман өртіне 44 жастағы тракторшы Александр Рапейко кінәлі болып шықты, деп жазады tobyl-torgai.kz «Тоболинфоға» сілтеме жасап. Істі Әулиекөл аудандық соты қараған. Сот Рапейконың тракторды жоғары қауіп көзі ретінде, ұшқын сөндіргішсіз және ақаулы цилиндрлі-поршеньді тобымен жұмыс істегенін анықтады. Салдарынан көп мөлшерде май шығып, газ шығатын түтікте майлы күйе түзілген. Кондратьев орман шаруашылығының №22 кварталына апаратын ...

Толығырақ »

Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді

Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының Қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде «Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара» диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 161 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген субсидияны жымқырған 3 айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны ұрлау фактісін анықтады. Оқи отырыңыз: Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды «Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне ...

Толығырақ »