Tag Archives: тағайындау

Қостанай облысының прокуроры Тимур Сүлейменов ректор болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды», — делінген хабарламада. Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.  1997 жылы әл-Фараби атындағы ...

Толығырақ »

Бибігүл Аққожина Nur Otan-ның филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Nur Otan партиясы аймақтық Саяси кеңестің бюросы бүгін партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған Аққожина Бибігүл Бүркітқызын таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бибігүл Аққожина 1971 жылы туған. Қостанай мемлекеттік университетін психология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары,  Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін Қостанай ...

Толығырақ »

Арман Әбенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қостанай облысы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Арман Әбенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, әкімдіктің баспасөз қызметірне сілтеме жасап.  Жаңа орынбасар бірқатар мәселе блогына жетекшілік етеді. «Бүгін Президент Әкімшілігімен келісу және менің бұйрығыммен Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Әбенов Арман Тарғынұлы тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған. Әбенов А.Т. кәсіпкерлік ...

Толығырақ »

Әлия Шалабекова вице-министр болып тағайындалды

Әлия Шалабекова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, primeminister.kz-ке сілтеме жасап. «Үкіметтің қаулысымен Әлия Лазаревна Шалабекова Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. Әлия Шалабекова 1976 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігі ...

Толығырақ »

Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап.  Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай ...

Толығырақ »

Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды

Бүгін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергеновты таныстырдым деп жазды облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында. Облыс әкімінің жазуынша, Қ.Испергенов Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылының тумасы. Екі жоғары білім бар. Ол Рудный индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Жаңа қала әкіміне Рудный қаласының тұрғындарының ...

Толығырақ »

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Есімова Бақыт Амангелдіқызын ұжымға Архимед Мұхамбетов таныстырды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   Бақыт Есімова Марат Жүндібаевтың орнына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінен ауысқан. Екі жоғары білімі бар. «Бақыт Есімованың мектеп жылдарында Арқалық қаласында тұрып, оқығанын атап өтемін. Бақыт Есімова ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, ...

Толығырақ »

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды: Карплюктің орнына Ионенко келді

Бұған дейін Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Виктор Николаевич Ионенко — Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің ...

Толығырақ »

Сүндет Байғожин Қостанай облыстық филармониясына басшы болды

Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   — Қостанай облыстық филармониясының басқару міндеті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сүндет Абдрахманұлы Байғожинге жүктелді. Қостанай өңірінің талантты тумасы туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз, — деп жазды Е. Қалмақов.

Толығырақ »

Ішкі саясат басқармасына басшы болып Бибігүл Аққожина тағайындалды

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бибігүл Бүркітқызы 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ішкі саясат саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да психология оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық ...

Толығырақ »